Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3429 0 пікір 2 Қыркүйек, 2016 сағат 09:56

Өзбек премьері Мирзияев шұғыл түрде Самарқанға барды

Өзбекстан премьер-министрі Шавкат Мирзияев 1 қыркүйекте түстен кейін шұғыл түрде Самарқан қаласына барды.

"Ұлықбек обсерваториясынан бастап "Сиеб" базарына дейінгі барлық жол жабылып қалды. Сол ауданда тұратын адамдарды ғана жіберіп жатыр, басқа ешкімді жібермейді. Премьер-министр де осында жүр", - деді ресми дереккөз.

Куәгерлердің айтуларынша, Шахи Зинда мавзолейінің маңында кірпіш тасыған автокөліктер көп. Олар "Йулбарслар Хиёбони" саябағының маңында да толып жүр. Мұнда Гури-Әмірдің отбасы зираты орналасқан.

Хабарларға қарағанда, түн уақытына қарамастан, мыңдаған аула сыпырушы Регистан алаңынан бастап Бибіханоим мавзолейіне дейінгі аралықты сыпырып жүр. Қала әкімшілігіндегі дереккөз саябақтың жаяу тұрғындар үшін жабық екенін растады.

Президент Ислам Каримовтың миына қан құйылып ауруханаға түсуіне байланысты, республикада атқарушы биліктің басқарушысы қызметін премьер-министр Шавкат Мирзияев атқарады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 881
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 742
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 573
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 579