Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3414 1 пікір 2 Қыркүйек, 2016 сағат 10:03

Венесуэлада халық президентке қарсы наразылыққа шықты

Венесулэла астана Каракаста бейсенбі күні жаппай наразылық акциясы болып өтті. Ереуілдеушілер президент Николас Мадуроның отставкаға кетуін талап етті.

Көшеге шыққан ондаған мың адам жыл аяғына дейін импичмент туралы референдум өткізуді талап етті. Оппозиция шеруімен бір уақытта, Каракаста билікті жақтаушылардың акциясы да ұйымдастырылды.

Венесуэла үкіметі оппозицияны мемлекеттік төңкеріс жасауға талпынды деп айыптап отыр. Тамыздың басында билікті сынаушылар импичментті қолдаушылардың қолын жинауға талпынды, бірақ олар 4 миллион қолды жинай алған жоқ.

Мұнай бағасының құны түсіп кеткен соң, Венесуэла ауыр экономикалық дағдарысқа тап болды. Елде көптеген тауарлардың тапшылығы байқалады. Азық-түлік дүкендеріне ұзын-сонар кезек пайда болды.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 895
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 755
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 581
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 592