Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4051 0 пікір 5 Қыркүйек, 2016 сағат 09:57

Түркістандықтар Жазираға "тұлпар" мінгізді

Түркістан қаласындағы орталық Есімхан алаңында шаһар тұрғындары Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл мен 19 жастағы түркістандық палуан Дидар Хамзаны зор қошеметпен қарсы алды деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Байрақты бәсекеде ел намысы үшін сынға түскен қос саңлақты алдымен, қала әкімі Ә.Өсербаев құттықтап, қаржылай сый-сыяпат жасады. Сонымен бірге, облыстық мәслихат депутаты Р.Тәңірбергенов сөз алып, күміс қызға жеңіл автокөліктің кілтін салтанатты жағдайда табыс етті.

Ерекше ықылас білдірген қала жұртшылығына алғысын жеткізген Жазира Жаппарқұл өз сөзінде Түркістан қаласының жастарын «Ә.Нұрмаханов атындағы облыстық олимпиада резервін даярлайтын спорт мектебінен» ашылған ауыр атлетика үйірмесіне қатысуға шақырды.

Жазира Жаппарқұл - зілтемірші, екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2014 ж.), жасөспірімдер Олимпиадасыныңчемпионы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.

Оның ең алғашқы жаттықтырушысы, дене шынықтыру пәнінен сабақ берген және осы спортқа алып келген кісі - Дүйсенбек Құрманбеков.

Жазира жаттығу кезінде жұлқа көтеруден 123 келіні, серіппе көтеруден 150 келіні оңай еңсереді. Алматыда өткен әлем чемпионатында (2014 ж.) 69 келі салмақта сынға түскен 20 жастағы Жазира Жаппарқұл қоссайыста 262 келі салмақты еңсеріп, күміс жүлдеге ие болды. Жазира өзінің басты қарсыласы Ре Ын Хиден (КХДР) 3 келі ұтылды. Жазира Жа­п­парқұл екінші ретте 118-ді ала ал­мағанмен, соңғы мүмкіндігінде тө­­бе­сіне тік көтерді. Ол қытай қызы Ю Я Ченнен бір­неше грамға ауыр болған соң бұл бағдарла­ма бойынша үшінші орында қалды. Жазира Жаппарқұл 140 келіден бастап, екіншісінде 144 келіні ал­ғанымен, төрешілер есепке алған жоқ. Үшінші тәуекелге шыққан Жазира бәрібір бұл салмақты бағындырды. Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында (2014 ж.) 145 келі көтерген Ре Ын Хиден (КХДР) әлем чемпионы атанды

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір