Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3145 0 пікір 22 Қыркүйек, 2016 сағат 16:58

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында жеміс-жидек фестивалі өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында  жеміс-жидек фестивалі өтті. Бұл туралы «Абай ақпарат» Оңтүстік Қзақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ордабасы ауданында ақ түйенің қарны жарылды. Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығы жəне Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай аудан орталығы Темірланда игі іс-шара өтуде. Көпшілікті қуантқан бұл шара – ауылшаруашылық дақылдарының көрмесі еді. "Жеміс жидектер" фестиваліне барша аумақ əкімдіктері мен мектептер жəне мекемелер түгел қатысуда.

Кезінде мақта өсірумен аты шыққан аудан бүгінде жеміс-жидектерімен көзге түсуде. Оларды аудандағы 5203 шаруа қожалығы, 404 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 187 өндірістік кооператив өндіруде. Ордабасы ауданында 54 384 гектарға ауыл шаруашылық дақылдары егілген. Оның ішінде 2117 гектардан бақша өнімдері, 6469 гектардан майлы дақылдар, 3315 гектардан көкөніс, 635 гектардан картоп жиналуда.

Айта кетейік, облыста атқарылып жатқан шаруалардың дені Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылуда. Өңірдің аграрлық салаларындағы оңды өзгерістер мен тың жобалардың жүзеге асырылу бағыты еліміздің аграрлық секторындағы ең басым көрсеткіштерге ие екені анық. Халыққа есеп беруінде облыс басшысы Бейбіт Бәкірұлы өңірдегі ауылшаруашылық саласының даму бағыттарын тілге тиек еткен болатын. Жоғарыдағы нәтижелі шаруалар соның жарқын көрінісі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1019
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 887
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 668
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 745