Жұма, 3 Мамыр 2024
Мәйекті 4535 0 пікір 26 Мамыр, 2016 сағат 09:19

ОБАЛ-АЙ...

Ауыл шаруашылығында кооперативтер құру туралы тапсырманы Президент Н.Назарбаев өзінің «Қазақстандық жол – 2050» атты Жолдауында берген еді. Оның құқықтық негізі болатын заң да қабылданған.

Енді сол заңды ауылшаруашылығы тұрғындарына, шаруаларға түсіндіру керек қой. Осы жұмыстар қалай жүргізіліп жатыр деп Мәжіліс депутаттары ауыл шаруашылығы вице-министрімен арнайы кездесу өткізді. Министрлік пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп, заңды түсіндіру бойынша жұмыс тобын құрған. Алайда депутаттар ауылды жерлерге кездесулерге барғанда шаруалар олардың жұмысынан мүлде бейхабар екенін біліп қайтқан. Сонда жұмыс тобы кімдерге, не түсіндірген? Әлде... әлде әкімдерден бір-бір қойдың басын жеп, жылы сауналарға түсіп, журналистердің қармағына түсіп қалмай аман-есен қайтқан ба?  

Әрине, депутаттар вице-министрге мұны ашып айтқан жоқ, бірақ солай екенін емеурінмен аңғартып, оны үнсіз шығарып салды. Ал белсенді депутат Айқын Қоңыров Премьер-Министр К.Мәсімовтың атына депутаттық сауал жолдап, онда заңды халыққа түсіндіру бағытында қандай мәселелерге қатты назар аудару керектігін айтты.

Өкініштісі сол, Премьер-Министрге заң жобасын түсіндіру бойынша арнайы құрылған жұмыс тобының мүлде нәтижесіз жұмыс істегені (немесе істемегені) туралы бір ауыз сөз айтылмады. Олардың іссапар мен тамағына кеткен ақшаларының ғана жылап кеткені сезіліп тұр...

Серік ЕЛЕУ, сарапшы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 864
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 723
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 555
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 561