Жұма, 3 Мамыр 2024
Билік 5615 0 пікір 7 Маусым, 2016 сағат 16:42

АҚТӨБЕ ҚЫРҒЫНЫ. ДІНТАНУШЫЛАР НЕ ДЕЙДІ?

Бұл жолы да уаххабшылық идеяның қанды нәтижесі...

Кешегі Ақтөбе қаласында болған оқиға бүкіл елді дүр сілкіндірді. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында қазақ қоғамын қан жылатты. Бұл қанды қылмыс әрі лаңкестік әрекет. Қылмыскерлердің теріс діни ағым ерушілері екені белгілі болып отыр. Ақтөбедегі әріптестеріміз олардың сәләфилік-уахабилік идеяны қолдаушы әрі ұстанушы тұлғалар екенін айтып отыр. Тағы да еліміз сәләфилік идеяның қанды нәтижесіне куә болды. Мұндай жағдайда ең алдымен әрқайсымызды мұның артында кім тұр және олар неге осындай қылмысқа барды деген сұрақ мазалайды. Бұл тұрғыда біз кейбір принциптік мәселелерге мән беруіміз қажет ойлаймын.

Біріншіден, сәләфилікке ерушілердің діни сенімі мен ұстанымдары біздің қоғам мен мемлекетке қарсы агрессиялық сипатта екені белгілі. Ал адам баласының бойына қалыптасқан көзқарастық агрессия түбінде іс-қимылға айналуы әбден мүмкін. Біз Ақтөбе оқиғасынан мұның іс жүзіндегі дәлелелін көріп отырмыз. Бұдан бұрын 2011-2012 жылдары Ақтөбе, Атырау және Тараз қалаларындағы оқиғалар аталмыш идеяның салдары болатын.

Екіншіден, қазірге дейін ғаламторда жарияланған бейнематериалдардан қылмыскерлердің жеткілікті деңгейде дайындықтары жоқ жастар екені көрінеді. Қажет болса, қаруды қалай ұстауды дұрыс меңгермеген. Бірақ, олар діни агрессиялық тұрғыдан қажетті деңгейде қан төгуге және өлуге дайын болған. Бұлардың арасында діни сауаты терең тұлғалар бар деп ойламаймын. Себебі, біздің еліміздегі сәләфилік ағымның тек ерушілері ғана емес, уағызшыларының өзі жоғары деңгейде діни сауатты емес. Себебі, қажет кезінде бүлдіргіш ретінде пайдаланатын тараптарға олардың діни сауатының жоғары болғаны аса қажет емес. Қажет кезде олардың өз білімдерімен емес, арнайы пәтуамен (нұсқаумен) ғана қимылдауы маңызды. Демек, бұларға пәтуа беріп, бағыттап отырған белгілі тарап бар. 2011-2012 жылғы оқиғаларға ешкім танымайтын Әбу Мунзир әш-Шинкити деген шейхтің пәтуасы себеп болған еді. Олай болса, біздің құзырлы органдарға бұл қандықол топқа нұсқау берушінің кім екенін анықтау өте маңызды секілді.  

Үшіншіден, еліміздегі басқа сәләфилер бұл топты ДАИШ-пен байланыстырып әлек болып бастады. Мүмкін солай да шығар. Оны құзырлы органдар анықтап, алдағы уақытта тиісті мәлімдемені жасар. Бірақ, сол ДАИШ-тің теологиялық және діни идеологиясының сәләфилік екенін ешкім жасыра алмайды. Демек, діни астар мен идеологиялық база ортақ. Меніңше, біз сәләфилік ағымға қатысты есебімізден жаңылмау үшін, бұл мәселені назардан тыс қалдармауға тиіспіз.

Төртіншіден, бұл оқиға елімізде сәләфилікке қатысты батыл саяси шешім қабылдауға тағы да қосымша қатаң негіз болады деп үміттенеміз. Біз осы уақытқа дейін сәләфилік идеяға ерушілерді «байсалды және радикалды» деп бөліп келеміз. Ал сол байсалды сәләфилердің қоғам мен ұлтқа қарсы агрессиялық көзқарастары қай уақытта іс-әрекетке айналатынын ешқайсымыз білмейміз.

Аташев Айбек Аскарбекұлы, Атырау облысы «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының директорының орынбасары, теолог 

 

Они достойны самого сурового наказания


В то время, когда мусульмане страны готовились к встрече священного месяца Рамадан, мы содрогнулись новостью о терактах в Актобе.

Невозможно назвать мусульманами тех, кто совершил такие преступления. Они – самые настоящие злодеи.

В Исламе три месяца «Раджап», «Шаъбан» и «Рамадан» являются священными. В эти месяцы Аллах дал нам прекрасную возможность покаяться, очиститься от грехов и совершать благие дела. В эти дни мы поклоняемся Всевышнему, просим выздоровления для больных, благодарим Аллаха и читаем салаваты Пророку (мир ему).

Ислам – религия мира. В Коране сказано: «Кто убьет человека не за убийство или распространение нечестия на земле, тот словно убил всех людей» (Маида, 32-аят).

А те, кто совершает такие преступления являются грешниками, вступившими на путь неверия.

Преступники, совершившие вооруженное нападение в Актобе не избегут наказания Аллаха на том свете и на этом: перед законами нашей страны. Они достойны самого сурового наказания.

Ислам отводит почетное место делу защиты Родины. Имеются много хадисов на эту тему. В одном из них рассказывается, как некто спросил  у Пророка (с.а.с.): «О, Пророк, что является лучшим деянием?», на что Пророк ответил: «Один день или ночь охраны границы, Родины лучше, чем соблюдать месяц добровольного поста и ночного поклонения».

Общественный покой обеспечивает правильное развитие религии. Мы должны быть на стороне знающих и терпеливых, а не смутьянов и злодеев. 

Балғабек МЫРЗАЕВ, доктор теологических наук

 

 

 

События в Актобе напоминают по своим действиям тактику террористов, которые осуществляют акты террора тогда, когда бдительность населения очень низкая: воскресенье после обеда, накануне Оразы. Это реальность – когда наводится страх и ужас в многолюдных местах скопления народа, больше эффектного взрыва и паники среди населения
Кто стоит за ними, это вопрос стратегический и тактический. В данном случае, это работа т.н. подпольных жамагатов.
Схема не нова. Она используется во всех существующих на сегодня радикальных религиозных концепциях…
Они без тени сожаления и сомнения расстаются с жизнями, надеясь на многократное возрождение в другом мире. Бесповоротное поведение вызывает сожаление, осуждение родственников и общества. 
Значит надо запрещать домашние проповеди, закрывать групповые жамагаты, не позволять обособляться.
Религия священна. Великим грехом является отступление от главных постулатов религии: не вредить, не убивать, выступать против общества, слушать того, кто знает больше и т.д.
Мы призываем наших сограждан к сплочению вокруг вечных ценностных ориентиров, не поддаваться на провокации, активно участвовать в просветительских работах в священный месяц Рамазан! 
Терроризм не может быть религиозным, поскольку религии проникнуты гуманизмом и человеколюбием.
Айдар АБУОВ,  председатель ОО «Конгресс религиоведов»

 

 

 

Террористический акт в Актобе – идеологическая диверсия

Я считаю, что эти корыстные действия, совершенные группой лиц, прикрывающихся исламом, направлены на дестабилизацию религиозной ситуации в нашей стране. Свидетельством этому является убийство невинных людей, внесение смуты в обществе.

Ислам осуждает такого рода преступления и считает их великим грехом.

Аллах говорит в Коране, что убийство человека является тяжким грехом: «Если же кто-либо убьет верующего преднамеренно, то возмездием ему будет Геенна, в которой он пребудет вечно. Аллах разгневается на него, проклянет его и приготовит ему великие мучения» (Ниса, 93).

Не то, чтобы убивать, в Исламе даже запрещено вредить другому человеку руками или языком. Об этом однозначно сказал пророк Мухаммад (мир ему) в хадисе «Настоящий мусульманин не должен приносить вреда другому языком или руками» (Бухари и Муслим).

Совет Улемов при ДУМК осуждает теракты, совершенные в Актобе.

Пусть Аллах даст терпения семьям погибших и раненных. 

Ершат ОҢҒАРОВ Секретарь Совета Улемов при ДУМК теолог, доктор PhD

 

 

Қазақстан мұсылмандары асыға күткен Рамазан айымен қауышқалы жатқанда Ақтөбеде орын алған жағдай иісі мұсылманның көңіліне қаяу түсірді. Неге? Себебі, мұсылман кейіпіндегі терроршылардың озбырлығы исламофобияны тағы да қоздырды. «Бір құмалақ бір қарын майды шіріттінің» кейіпі тағы да қылаң берді. Десе де, Ислам діні «жиһад» атын жамылған мұндай бұзақылықты қолдамайды.

Өткен жексенбідегі оқиғада мұздай қаруланған терроршылар тек Ақтөбе тұрғындарын ғана емес, бейбіт жатқан жұрт санасына үрей туғызды. Мұсылманшылық бойынша халықты ойнап болса да, қорқытуға қатаң тыйым салынған. Ислам тарихынан қаузасақ, Имам Ахмад жеткізген хадисте (23064-хадис) Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларымен сапарлатып шыққанында, бір кісі ұйықтап жатқан жолдасының жебелерін алып қояды. Әлгі кісі оянғанда қорқып кетеді. Бұны көргендердің бәрі еріксіз күледі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Неге күлдіңдер?», - деп сұрағанда, сахабалары: «Жәй, әншейін. Біз мына кісінің оқтарын алып қойып едік, ол қорқып кетті», - деген. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мұсылманның мұсылманды қорқытуы дұрыс емес!», - деп жауап қайырды.

Ислам діні бойынша тек қана мұсылман емес, өзге дін өкілінің де құқы қорғалған. Имам әл-Бұхари және т.б. хадисшілер жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кім де кім өзге дін өкілін өлтірер болса, жәннаттың иісін де сезе алмайды. Ал оның иісі 40 жарық жылдық қашықтықтан сезіледі.», - деген. Демек, елімізде тұрып жатқан ешбір азаматтың өміріне қауіп төндіруге болмайды.

Тағы бір айта кететіні, аталмыш қылмыстық әрекетке қатысқандар Ислам дінінің атын жамылған теріс діни ағымның мүшелері екенін ескеріп, еліміздің діндар азаматтарын әркімге ере бермей, дәстүрлі діни бағытымыз – ханафи мәзһабын ұстануға шақырамыз.

Қанат Жұмағұл, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының директоры, теолог 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 752
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 571
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 467
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 481