Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3018 0 пікір 16 Тамыз, 2010 сағат 05:07

Алматыда басынан қарудан жарақат алған бизнесмен қаза болды; басынан жарақат алған тағы бір ер адам өзінің Mercedes-Benz көлігінен табылды

Алматы. 16 тамыз. ҚазТАГ - Алматы полициясы қаланың Алмалы ауданының аумағында өз автокөліктерінде атып өлтірілген жұмыссыз бен бизнесменнің өліміне қатысы бар қылмыскерлерді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

Белгілі болғанындай, бірінші оқиғада металл прокатын шығаруға маманданған ЖШС-тің ортақ иесі болған 36 жастағы азамат қаза болған, самайынан оқ атылған ол өткен бейсенбіде Аносов пен Құлымбетов көшелерінің қиылысында орналасқан күзетілетін автотұрақта тұрған Toyota Land Cruiser көлігінен сағат 22 мен 23-тің аралығында табылған.

Тергеу болжамдарының біріне сәйкес, Алматы облысында тұрған кәсіпкер рэкетирлерден зардап шеккен. Бизнесмен травматикалық тапаншамен қаруланған, ал қылмыскерлер оның Т500 мың көлеміндегі ақшасын тартып ала алмаған, бірақ шолақ мылтықтан бизнесменнің басынан оқ атқан.

Жедел жәрдем бригадасы орталық қалалық ауруханаға жеткізген азамат жеті сағаттан кейін алған жарақаттардан жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Екінші оқиғада 55 жастағы алматылық жұмыссыз қаза болған. Бұл қылмыстың мақсаты белгісіз, деп хабарлайды құқық қорғау органдары. Оны Макаров тапаншасынан самайынан атып өлтірген. Зардап шегуші Төле би көшесінің бойындағы өзі тұратын үйдің ауласында тұрған Mercedes-BenzS320 көлігінің жүргізуші орындығынан табылды.

Тергеу мүддесі үшін қалалық полиция оқиғаларға қатысты толық мәліметті ашпай отыр. Кісі өлтірудің екі оқиғасын қуаттаған ІІД оларды ашу және күдіктілерді ұстау мақсатында арнайы оперативті-тергеу топтары құрылғанын хабарлады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 944
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 797
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 619
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 652