Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2652 0 пікір 21 Маусым, 2016 сағат 09:35

Министр Ыдырысов: Ақтөбедегі шабуылға ДАИШ-тың қатысы бар

Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов 5 маусымда Ақтөбеде болған қарулы шабуылдарға Сирия мен Ирактағы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының қатысы барын айтты деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралдары.

«Біздің анықтағанымыздай, қасиетті Рамазан айының қарсаңында ДАИШ (ИМ-нің басқаша аталуы - ред.) деп тіркелген топтың Аднани деген басшысы өзінің артынан ергендерге интернет арқылы зорлық-зомбылық жасауды тапсырған» деді Ерлан Ыдырысов бүгін халық алдында есеп берген кезінде. 

5 маусымда Ақтөбеде бір топ екі қару-жарақ дүкенін тонап, ұлттық гвардияның әскери бөлімін басып алуға тырысқан. Шабуыл мен атыстан ресми мәлімет бойынша 7 адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланған. Алты күнге созылған арнайы операцияда шабуылға күдікті делінген 18 адамның көзі жойылып, бірнеше адам ұсталған.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шабуыл жасағандардың "радикалдық діни топ өкілдері" болғанын және олардың "шетелден нұсқау алғанын" мәлімдеген.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1019
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 887
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 668
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 745