Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3751 0 пікір 21 Маусым, 2016 сағат 09:36

ҰҚК "Ақтөбе департаменті бастығының отставкасына" комментарий бермеді

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастығы Нұрлан Қадырбаевтың "отставкаға кеткені" туралы ақпаратқа комментарий бермеді.

Бүгін қауіпсіздік органдарындағы дереккөзі Азаттыққа Ақтөбедегі ҰҚК департаменті бастығы Нұрлан Қадырбаевтың отставкаға кеткенін айтқан.

Нұрлан Қадырбаев өткен аптада Ақтөбеде премьер-министр Кәрім Мәсімовпен өткен жиында облыста радикалдық ұстанымдағы 1665 адам барын, олардың 90-ы "қауіпті жиһадшыл" екенін мәлімдеген . Ол "сауатты теологтар мен беделді имамдар аса тапшы болғандықтан оларды райынан қайтару көбіне қиын екенін" айтқан. Нұрлан Қадырбаев Ақтөбеде 5 маусымда болған шабуылдар мен одан кейінгі арнайы операцияларда ҰҚК департаменті мен ішкі істер департаменті материалдық-техникалық қамтамасыз етілу жағынан қиындық көргенін де жеткізген.

5 маусымда Ақтөбеде 26 адам екі қару-жарақ дүкенін тонап, ұлттық гвардияның әскери бөлімін басып алуға тырысқан. Шабуыл мен атыстан ресми мәлімет бойынша 7 адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланған. Алты күнге созылған арнайы операцияда шабуылға күдікті делінген 18 адамның көзі жойылып, бірнеше адам ұсталған.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шабуыл жасағандардың "радикалдық діни топ өкілдері" болғанын және олардың "шетелден нұсқау алғанын" мәлімдеген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1026
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 895
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 675
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 752