Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3251 0 пікір 21 Маусым, 2016 сағат 11:03

Жақсыбеков пен Нығыматуллин қызмет орындарын ауыстыруы мүмкін

Бүгін елімізде бірқатар кадрлық тағайындаулар болуы мүмкін. Сенімді дереккөздерінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулин пен Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков жаңа қызметке ауысуы ықтимал деп хабарлайдф Ult.kz сайты.

Сондай-ақ, kapital.kz сайты Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің де басқа қызметке алмасуы мүмкін екенін жазады.

Әділбек Жақсыбеков 2014 жылдың қазан айынан бері Астана қаласының әкімі қызметін атқарады. Сенімді дереккөздерге сүйенсек, енді ол ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне келеді.

Ал бұл қызметті атқарып жатқан Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы болып тағайындалмақ. Нұрлан Зайроллаұлы Мемлекет басшысының 2014 жылдың 3 сәуіріндегі Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне кіріскен болатын.

Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов болса, депутаттық мандатын сақтап қалып, ардагерлер ұйымына жетекшілік етуі мүмкін.

Егер аталған ауыс-түйістер орын алса, Астана қаласы әкімі қызметіне енді кім келеді деген сұрақтың туындауы заңды. Бізге жеткен мәліметтерге сенсек, Бас қаламыздың мэрі болып Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев келуі мүмкін дейді Ult.kz.

Тағы бір жорамал  Нұрлан Нығматулин мен Әділбек Жақсыбековтің өзара орын алмасуы мүмкін екенін айтады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1006
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 871
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 655
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 733