Сенбі, 4 Мамыр 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 6022 0 пікір 4 Шілде, 2016 сағат 12:31

АУЫЛ МАҢЫНДАҒЫ САТЫЛЫП КЕТКЕН ЖАЙЫЛЫМ ҚАЙТАРЫЛУЫ МҮМКІН

Ауыл маңайындағы жалға берiлiп, сатылып кеткен жайылым жерлер керi қайтарылуы мүмкiн. Әрi мұндай жерлердi жеке меншiкке де, жалға да беруге қатаң тыйым салу қарастырылады. Бұл туралы Қызылорда облысында өткен Жер реформасы жөнiндегi комиссияның көшпелi отырысында айтылды, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрi Ерлан Нысанбаев Жер реформасы жөнiндегi комиссияның бес отырысының қорытындысы бойынша әзiрленген нақты ұсыныстарды жеткiздi.

«Халықтың назарында болып отырған елдi мекен шегiнде халықтың жеке малын жаюға арналған жерлерге тоқталып өтсем. Қазiргi жағдайда елдi мекен шегiндегi жайылымдарды жалға беруге тыйым салынбаған. Ал оның маңайындағылар жеке меншiкке берiледi. Ал ауылдағы халықтың малына жайылымдар жеткiлiксiз. Сондықтан елдi мекен шегiнен тыс жерлердегi радиусты, халық қажеттiлiгiне керек жайылым жерлердi анықтау керек. Келесi ретте осы елдi мекен шегiнен берiлiп кеткен жайылымдарға талдау жасап, оларды керi қайтаруды қарастыру және мұндай жерлердiң жеке меншiкке де, жалға да берiлуiне қатаң тыйым салуды ескерген орынды болар. Бұл менiң баяндамам келiп түскен ұсыныстардың қорытындылары негiзiнде дайындалған», — деп атап өттi Е.Нысанбаев.

Айта кетейiк, сондай-ақ, бiр қолға жалға берiлетiн жердiң шегi бекiту ұсынылды. Бұдан бөлек, Қазақстан азаматтарына жердi жалға беру көзделген қолданыстағы заң нормаларын жетiлдiру қарастырылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1025
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 892
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 674
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 750