Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Билік 5062 0 пікір 14 Шілде, 2016 сағат 14:15

ТАЛДЫҚОРҒАН ЖАН СЕРГІТЕР ЖАҒАЛАУЫМЕН МАҚТАНАДЫ

Бүгін Талдықорған қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қаратал өзенінің жағалауындағы демалыс аллеясы ашылды. Бұл замауни жаңа сәулеттік кешен бұдан былай Жетісудің көрнекті демалыс орындарының қатарына қосылатын болады.

Тұрғындарды қуанышымен құттықтаған облыс әкімі Амандық Баталов әлемде өзенді жағалай қонған қалалардың баршылық екенін, соның ішінде еліміздің бас қаласы Астана бұл тұрғыда Есілімен ажарлы екенін айтып өтті. Астана қарап бой түзейтін Талдықорғанға да Қаратал өзені ерекше көрік беретінін айта келе:

- Жағалаудағы сан алуан архитектуралық шешімдер еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейінгі барлық тұрғындардың көңілінен шығатынына сенімдімін. Үлкендер жаздың аптап ыстығында өзен жағасында серуен құрып, саламатты өмір салтына ден қойса, балалар ойын алаңдарында алаңсыз асыр салатын болады. Баршаңызды бүгінгі қуанышты күн – Қаратал жағалауындағы жаңа демалыс аллеясының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! – деді. Мұнан соң демалыс аллеясының шамын жақты. Самаладай жарқыраған шамдармен қатар отшашулар атылды.

Ұзындығы 1414 метрге созылған жағалау құрылысын «Шымыр» ЖШС мердігер ұйымы  өткен жылдың тамыз айында бастаған болатын. Жобаның авторы Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының төрағасы Ақмырза Түстембеков. Автордың идеясы бойынша жағалау алаңы 4 бөлікке бөлінген, яғни орындықтар, балалар ойын алаңы орнатылған демалыс аймағы, белсенді демалысты жақсы көретіндер үшін скейт пен роллдром және қалқандар, тенттер мен шатырлар орнатылған сахналық аймақ. Талдықорғанда негізін халықаралық дәрежедегі спорт шебері Андрей Кивилев салып кеткен велоспорттың жақсы дамуы себепті жағалауда велосипед жолына айрықша көңіл бөлінген.  

Көгалдандыру мен абаттандырудың әсемдігі өз алдына. Мұнда қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар, бұталар, бұталы қоршаулар, газондар мен гүлзарлар отырғызылған. Осы көк өскіннің барлығы да шағын сәулеттік мүсіндермен ерекше үйлесім тапқан.

Демалыс аллеясының ашылу салтанатында «Талдықорған: кеше, бүгін» атты фотокөрме, көркемсурет шеберлерінің туындыларынан көрме ұйымдастырылып, халық аспаптары оркестрінің концерті ұсынылды. Қалалықтар үшін бұл күні танымал әншілер Мәдина Садуақасова, «Ринго» тобы, сонымен қатар «Алатау әуендері», «Үшқоңыр» ансамблінің өнерпаздары өнер көрсетті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1765
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1742
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1464
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1376