Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3104 0 пікір 23 Наурыз, 2016 сағат 18:26

КЕРРИ МӘСКЕУГЕ КЕЛЕ ЖАТЫР

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Ресей президенті Владимир Путинмен және сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге екікүндік сапармен барады.

Сириядағы жағдай, Женевада өтіп жатқан сириялық үкімет пен оппозиция арасындағы бейбіт келісімдердің болашағы, Украинаның шығысындағы дағдарыс - күн тәртібіндегі басты тақырыптар болады.

Ақ үй мемлекеттік хатшының Мәсскеуге сапары сәтті болып, АҚШ пен Ресей қарым-қатынасының жақсаруына және Женевадағы сириялық келіссөздердің оң түрде аяқталуына үлкен үлес қосады деп үміт артуда. Бірақ, Керри Ресейге келер алдында Мәскеу АҚШ-ты оқ атуға тыйым салу тәртібін сақтауды бірге бақылаудан бас тартты деп айыптады және бұл тәртіпті бұзғандарды өз бетінше жазалайтынын айтып, сес көрсетті.

Джон Керри Мәскеудегі келіссөз барысында ресейлік билікті сепаратистерге Минск келісімдерін орындатуға көндіруге үгіттемек. Мемлекеттік хатшы 22 жылға сотталған украин әскери қызметшісі Надежда Савченконың тағдыры туралы да мәселе көтереді. АҚШ бірнеше рет оны босатуды талап еткен еді. Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Ресей Савченконы екі жыл бойы дәлелсіз айыптаулармен заңсыз қамауда ұстады деп мәлімдеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2059
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2488
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2084
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1603