Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Мәйекті 5904 0 пікір 24 Наурыз, 2016 сағат 09:26

МҮСІНГЕ КИІМ КИГІЗГІШТЕР НАУРЫЗДА ЖАЛАҢАШТАНҒАНДАРҒА НЕГЕ ТЫЙЫМ САЛМАДЫ?

Осыдан бір ай бұрын Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын алматылық боди-артшылар жалаңаш тойлауды жоспарлап жатқанын хабарлап, "Ендігі жетпегені ұлыстың ұлы күнін жалаңаш тойлау еді" (http://abai.kz/post/view?id=6787) деген мақала жариялаған едік. Астанада тұрған әлдебір ескерткішке киім кигізуге құмар қоғам селк етпеді. Жансыз тас мүсінді әжуалауға дайын азаматтардың кеудесінде жаны бар қыздарымызға ләм дей алмады.   

Қазір Қазақстанда қазақты жүйелі түрде масқаралау "ойыны" жүріп жатыр. Алаш жұртының қыздарын ұлтымыздың төл жаңа жылының қарсаңында жалаңаштау арқылы боди-артшылар нені дәлелдеді? Қазақ қызының, алаш аруының жезөкшеге айналғанын ба? Жоқ, әлде күн мен түн теңелетін қасиетті мейрамымызды мансұқтады ма? 

Бір қызымыз "өнер деген осы екен" деп жалаңаш денесін жұрт алдында көрсетсе, бар бойжеткеніміздің тыр жалаңаш қалғаны емес пе?  

Бұл шараның қазақты масқаралайтын шоу екені осы суреттен-ақ көрініп тұрған жоқ па? Қазақтың ою-өрнегі, домбырасы, бөрігі... Мың жылдық тарихы бар қасиетті домбыраны бұлай масқаралағандар жазалануы керек қой. "Нағыз қазақ - қазақ емес, Нағыз қазақ - домбыра" деп еді Қадыр ақын. Домбыра мен қазақ егіз ұғым болып кеткелі қашан? Енді міне, қызыңның да, домбыраңның ары саудаға салынып жатыр. Бір кездері арақ болып, қазақты "алқаш" ретінде көрсетуге пайдаланылған домбыра, енді басқа сыпатта сахнаға шықты. Масқара ма? Масқара! 

Енді ресми тараған ақпараттарға кезек берейік.

23 наурыз күні бұл шара, яғни төртінші фестиваль Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде өтті. Оған тұңғыш рет Қырғызстан, Украина және Франция секілді шетелден келген суретшілер қатысты.

Биылғы фестивальдың қатысушыларының жалпы саны - он сегіз. Олар арнайы «Аква-крем» жуылатын бояуымен 18 адамның денесіне сурет салды. Сайыскерлер екі екі аталым бойынша сынға түсті. Бірінде Наурыз тақырыбында боди-арт-композициясын жасау қажет болса, екіншісінде «Бөгде ғаламшар иелері казинода» деген тақырыпқа сурет салулары тиіс болды. Әр атылымда үздік шыққан үш адамға диплом мен фестиваль сыйлықтары тапсырылды.

Бұл арт-шоуды визажист-стилист, халықаралық санаттағы шебер Анастасия Доронина ұйымдастырды. Боди-арт фестивалі Қазақстанда өнердің осы түрін дамытуды көздейтін әлеуметтік жоба саналады.

Боди-арт (англ. body art — «тән өнері») — авангардтық өнердің түрі, мұнда адамның тәні шығармашылықтың басты нысанына айналады, ал оның мазмұны денеге салынған белгілер мен суреттер арқылы ашылады.

Түйін

Қош! Болары болып, бояуы сіңді. Десе де, мен біздің қоғамның санасына таңдана қараймын. Он сегіз қыз жалаңаш денесіне сурет салып жатса да селк етпейміз. Оған мүмкіндік береміз. Көрсек те, көрмегендей болып отыра береміз. Себебі, мұның артында шетелдік алпауыт ұйымдар бар екенін білеміз. Ол ұйымдарға қазақтың өзіндік менталитеті бар екенін айтқымыз келмейді. Ал, артында мұндай ұйым жоқ ескерткішті (жалпы тәуір ескерткіш, нағыз өнер туындысы деп қабылдауға болады) бір-ақ күнде киіндіріп, батыр болғымыз келеді. Күлкілі-ә!

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2025
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2440
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2026
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587