Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3288 0 пікір 25 Наурыз, 2016 сағат 10:18

АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ ТАНГО БИЛЕДІ

АҚШ президенті Барак Обама мен оның жұбайы Мишель Аргентина президенті Маурисио Макридің Буэнос Айресте ұйымдастырған кешінде кәсіпқой бишілермен бірге танго биледі.

ABC News агенттігі мұның кездейсоқ болғанын хабарлады. Аргентиналық биші қыз Обаманы биге шақырғанда ол басында келіспей, ақырында көнуге мәжбүр болған. Сәлден кейін олардың жұбына кәсіпқой бишінің сүйемелдеуімен Мишель Обама қосылды.

Барак Обама Буэнос Айреске Кубадан ұшып келді. Бұл АҚШ президентінің соңғы 20 жылдағы Аргентинаға жасаған алғашқы сапары.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 953
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 805
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 624
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 666