Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3881 0 пікір 4 Сәуір, 2016 сағат 14:31

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ РАУЛЬ КАСТРОМЕН КЕЗДЕСТІ

Сенбі күні Кубаға келген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы елдің Мемлекеттік кеңесінің және министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Кастромен кездесті. Бұл туралы Назарбаевтың баспасөз қызметі хабарлайды.


Кездесу барысында екі жақтың сауда-экономикалық, білім, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы салаларындағы байланыстарын нығайту сөз болған.

Ақорда сайты «Нұрсұлтан Назарбаев пен Рауль Кастроның денсаулық сақтау, фармацевтика және биотехнология салаларында бірлесіп жұмыс істеу жағына жеке тоқталғаны және бұл жағынан екі ел мамандарының тәжірибе алмасуының маңыздылығы туралы» айтылғанын жазады.

Назарбаев 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуға ниет білдірген Қазақстанды қолдауға келіскен Кубаға ризашылығын блдірді.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 871
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 727
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 562
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 572