Жұма, 3 Мамыр 2024
Билік 7180 0 пікір 19 Сәуір, 2016 сағат 16:44

ЖОО-ДА ҚАЗАҚ ТАРИХЫ ОҚЫТЫЛМАЙТЫН БОЛДЫ

Соққы үстіне соққы... Енді Жоғары оқу орындарында қазақ тарихы оқытылмайтын болып жатыр. Иә, қазақ қоғамы: «Мектеп жасынан балалар үш тілді қалай меңгереді?», «Қазақ жері неге аукционда сатылады? Байырғы бабақонысымызды, туған жерімізді саудаға салуға қарсымыз. Әсіресе, жерді шетелдіктерге сату деген не сұмдық?!» деп алашапқын болып жатқанда  Үкімет үн-түнсіз тағы бір істі қолға алыпты. Бұнысы қазақты кезекті рет қан қақсататын іс екендігін қадап айтуға тиіспіз. Белгілі журналист, Алаш қозғалысының тарихын зерттеуші ғалым Болат Мүрсәлім әлеуметтік желідегі жеке парақшасында былай деп жазыпты:

«Қазақстанның тәуелсіздік тарихын неге ғалымдар зерттемейді?" деген сөз көп айтылушы еді. Зерттемек түгілі, жаңа оқу жылынан бастап ЖОО-да "Қазақстан тарихының" орнына "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" ғана оқытылып, содан мемлекеттік емтихан тапсыратын болыпты. Сақтың тарихы, ғұнның тарихы, Түрік қағанаты, Алтын Орда, Қазақ хандығы, Алаш қозғалысы енді мектепте ғана оқытылады. Оншақты ұйымның ("Атамекен" кәсіпкерлер палатасы, ЖОО қауымтастығы және бірнеше меморган) келісу рәсімінен өткен жаңа стандарт Үкіметтің қарауына жіберіліпті».

Ал, енді бұған не деуге болады? Сақ дәуірінен басталатын тарихымыз кешегі Ұлт азаттық көтеріліс пен  Алаш күресіне дейін мектеп бағдарламасында толық қамтылған соң, осыноу көне тарихты оқыту мәселесі  ЖОО-да тереңдей түсуі керек емес пе? Дауымыз жоқ, бүгінгі Қазақстан тарихы, тәуелсіздіктің ұлттық құндылықтары да жеке пән ретінде Жоғары оқу орындарында оқытылсын. Бірақ, ел тарихын 1991 жылдан бергі кезең арқылы ғана танытып, баба тарихты сызып тастау ақылға қона ма? «Бояушы бояушы дегенге сақалын бояйды» демекші, реформашыл министріміздің  (БҒМ министрі Сағадиевті айтамыз) бұ қайткені?..

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 688
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 483
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 418
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 421