Жұма, 3 Мамыр 2024
Қоғам 5046 0 пікір 6 Мамыр, 2016 сағат 12:25

ЖАҢА МИНИСТРЛІК АҚПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАЙ АЛА МА?

Кеше Астанада өткен жиын кезінде Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Ақпарат және коммуникация министрлігін құру туралы айта келіп: «Ақпараттық саясатқа келер болсақ, бұл функция қазір басқа министрліктің құзырында тұр. Үкіметте бұл саланы үйлестіріп отырған ешкім жоқ, ақпараттық жұмысқа бөлінген мемлекеттік ақша қайда кетіп, қайдан келіп жатқанын ешкім бақылап отырған жоқ. Сондықтан, Бес реформаның орындалу барысын тиімді тарату үшін, қазіргі ақпараттық қауіп-қатерлердің алдын алу үшін жаңа уәкілетті мемлекеттік орган - Ақпарат және коммуникация министрлігін құруды тапсырамын».

Президент жаңа министрліктің құзырына кіретін қызметтерді де тізбелеп шықты.

  • қоғамдағы өзекті мәселелерді тез анықтап, тез шара қолдану үшін интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерді қоса алғанда, кез келген формадағы ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізу;
  • өзекті тақырыптар мен мәселелер жөніндегі қоғамдық пікірлерді зерттеу, халықтың пікірі мен ақпараттық сұрауларға сараптама жасап, болжам жүргізу;
  • мемлекеттік ақпараттық саясатты қолға алу;
  • барлық мемлекеттік органдардың ақпараттық қызметі мен белсенділігін бақылау және үйлестіру;
  • мемлекеттік ақпараттық тапсырыс пен мемлекет бөлген қаржының тиімділігін тексеру және жоспарлау;
  • отандық БАҚ-ты экономиканың бір сегменті ретінде дамыту үшін инвестиция мен инновация тарту;
  • электронды және баспа БАҚ-тарды қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін отандық ақпараттық өнімдердің сапасын жақсарту: арналардың халықпен қарым-қатынасын жақсарту.

Демек, жуық арада құрылып, жұмысын бастайтын жаңа министрлік аталған мәселелермен айналысатын болады.

Ақпараттық қауіпсіз мәселесі көптен бері айтылып келеді. Әсіресе, Ресейдің ел аумағына таралатын телеарналары, мерзімді баспасөзінің ақпараттық кеңістіктегі орны және одан келуі мүмкін қауіп-қатерлер БАҚ мамандары мен сарапшылары ұдайы көтеріп келе жатқан проблема. Оның бір айғағындай, Жер мәселесіне қатыс қоғамдағы үлкен қарсылық кезінде «митингіге шығатындар 150 доллар алады» деп жалған ақпарат таратқан ресейлік бірінші арнаның Қазақстандағы бөлімі «Бірінші Евразия» арнасының әрекеті деуге болады.

Тағы бір мәселе - жаңа министрліктің әлеуметтік желілерді бақылауға алу мәселесі. Бұл өз кезегінде әлеуметтік желі арқылы көрініс тауып отырған қоғамдық белсенділік пен ойды қатаң бақылауға ұстауға алып келмей ме деген алаңдаушылық негіз болары сөзсіз.

Президент айтқан ұсыныстардың ішінде «Арналардың халықпен қарым-қатынасын жақсарту» мәселесі де бар. Телеарналардың арзан шоумен рейтинг қуалап, ақпараттық-сараптамалық бағдарламарды ақсатып алғаны да жасырын емес. Жалпы, жалаң, көзссіз, біржақты насихат құралына айналған БАҚ бұл саласында проблема аз емес. Оның бәрін жаңа министрлік қалай шешетінін уақыт көрсетеді.

Нұра Матай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 811
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 635
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 508
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 518