Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2593 0 пікір 18 Маусым, 2010 сағат 11:53

ОҚО-да діни қызметкер мешіттен садақа салынған сейфті ұрлап кетті

Шымкент. 18 маусым. ҚазТАГ - Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданында діни қызметкер мешіттен ауыл тұрғындарының қайыр-садақасы сақталатын сейфті ұрлап кетті, деп хабарлайды ОҚО бойынша ІІД баспасөз қызметі.

«11 маусымда полицияның аудандық бөлімшесіне жергілікті имам келіп, сейфтің жоғалғанын хабарлаған. Тәртіп сақшылары бірнеше күннен кейін имамның орынбасарын ұстады. Ер адам ішімдікке тойып алып, түн ортасында мешіттен сейфті алып шығып, оны 60 метрдей сүйретіп, таспен ұрып, аузын ашқан», - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, сейфте ауыл тұрғындары жинаған садақа - шамамен Т4 мың ақша болған.

«41 жастағы күдіктінің айтуынша, ол Өзбекстанда медресе бітірген. Созақ ауданындағы ауылдардың бірінде имам болған, соңғы уақытта Бәйдібек ауданында имамның орынбасары болып жүрген», - дейді полиция өкілдері.

«Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұрланған сейф заттай айғақ ретінде тәркіленді.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 593
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 327
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 338
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 343