Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Мәйекті 4759 2 пікір 10 Мамыр, 2016 сағат 13:19

БИЛІКТІ СҮЙСЕҢ, МЕНШЕ СҮЙ!

Желіні ашсаң, желдей есіп желпінген жұрт. Бір тобы билік басыңды алса да оның әрекетін құп көреміз дейді. Оларға сенсең, ауруымызды жасыра тұрайық, бәрібір өлемізге саяды. Енді бір тобы ауруға ем табайық, өстіп жүріп өлеміз бе десе, тағы бір топ бұлардың емі біздің дертімізге дауа болмайды деп даурығады. Шу-шу, гу-гу. Оның үстіне кезекті рет жер мәселесі шыққанда желінің түңлігі тіпті желпілдеп кетті. Түңлік былай тұрыпты, үй шайқалып кете жаздағанда жоғарыдан әдеттегіден өзгеше жұмсарған дауыс естіліп, әрең басылды. Басылды-ау деген кезде желінің түңлігі желпілдеп жатқан кезде әдеттегі белсенділіктері күрт бәсеңсіп, жер жұтқандай жоғалған бір топқа қайта жан кірді. Олар сырт қараған адамға, мемлекеттік құрылымдардың қызметін әп-сәтте өздері атқара бастады. Заңды түсіндірді – прокуратураның қызметін алды; ресми саясатқа қарсы шығуға болмайтынын түрлі жолдармен жеткізді - мемлекеттік БАҚ-тың қызметін алды; ішкі-сыртқы арандатушы жауды іздеп – ҰҚК мен құқық қорғау органдарының қызметін алды. Оларға мұндай құқықты кім бергенін Құдайлары біледі... Қоғам болған соң, әртүрлі пікір болатыны заңдылық. Бәлкім, бір ойлағандары, өз есептері бар шығар... Өздеріне салсаңыз, бұл олардың отаншылдық, мемлекетшілдік, бейбіт өмірді сүйгіш азаматтық көзқарасы, ұстанымы-мыс. Бірақ, желідегі қазіргі қарқындары "билікті сүйсең, менше сүй" деген сөзге дөп келіп тұр. Қайдан білейік, мүмкін мұндай қоғам мүшелеріне Отан, Мемлекет, Халық деген ұғымдар бір адамның бейнесінде ғана елестейтін шығар...

Нұра Матай

Abai.kz

 

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1820
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1831
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1539
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1428