Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2497 0 пікір 18 Маусым, 2010 сағат 11:48

«Самұрық-Қазына» басшысы Петербордағы экономикалық форумға қатысушыларға Қазақстандағы егеменді қорлардың қызметі туралы баяндайды

Астана. 18 маусым. ҚазТАГ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның (ҰӘҚ) басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов Петербор халықаралық экономикалық форумына (ПХЭФ) қатысады, деп хабарлады жұма күні мемлекеттік холдингтің баспасөз қызметі.

Сенбі күні «Егеменді қорлар: жаһандық қауіптер мен мүмкіндіктер» тақырыбындағы панельдік пікірталаста Қ. Келімбетов Қазақстандағы егеменді қорлардың қызметі туралы баяндайды. Пікірталасқа GIC төрағасы және Сингапур экс-президенті Ли Куан Ю, Citigroup бас атқарушы директоры Викрам Пандит, Temasek Holdings халықаралық нарықтары бойынша бас басқарушы директоры Майкл Ди, China Investment Corporation төрағасы және бас атқарушы директоры Лоу Цзивэй, Norges Bank Investment Management (Норвегияның орталық банкі) бас атқарушы директоры Ингве Слингстад қатысады.

«Олар экономикалық құлдыраудың болашақта капитал үлестіру стратегиясына әсері, алдағы жылдарға капитал салымдары үшін басымдықты бағыттар, инвестициялық мүмкіндіктер мен қауіптер (өсіп жатқан мемлекеттік қарыз, Форекс, әлем экономикасының баяу өсімі) және тағы басқа мәселелерді талқылайды», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

«Самұрық-Қазына» басшысы Петербор экономикалық форумы мәселелерді, соның ішінде дағдарыстан кейінгі кезеңде тұрақты өсімді қамтамасыз ету мәселесін талқылау алаңына айналды деген сенімде.

Бұл жолғы форумның тақырыптары: «Әлем экономикасы: қалпына келуді басқару», «Ресей: бүгін және ертең. Болашаққа көзқарас». Шараға 2300 астам адам қатысады, оның ішіндн 69 шетелдік, 74 ресейлік компанияның басшылары, 52-ден астам шетелдік делегация бар.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 658
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 437
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 395
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 394