Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4321 0 пікір 5 Қаңтар, 2016 сағат 07:02

ИМ ҰЛЫБРИТАНИЯҒА СЕС КӨРСЕТТІ

«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы (ИМ) жаңа мәлімдемесінде Ұлыбританияға сес көрсетті. ИМ интернетте таратқан видеода тұтқын бес адам АҚШ бастаған халықаралық коалиция пайдасына тыңшылық жасағандарын айтады.

Содырлар тұтқындарды Түркияға ИМ қозғалысы туралы бейнежазбалар және фотосуреттер берген деп айыптайды. Видеодағы келесі көріністе үстілеріне қызғылт-сары комбинезон киген әлгі тұтқындардың бетперде киген содырлар алдында тізерлеп отырған сәті бейнеленген. Содырлардың бірі бұл «ИМ күш-қуатына қарсы шыққан болмашы жетекші» Дэвид Кэмеронға (британ премьері) жолдау деп мәлімдейді.

Экстремистер сайттарына мониторинг жүргізетін SITE тобының ақпараты бойынша, видеодағы тұтқындар – ИМ тобы халифат астанасы деп жариялаған Сириядағы Ракка қаласында қолға түскендер. Олардың аты-жөндері әзірше белгісіз.

Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі ИМ видеосы жайлы хабардар екенін және қазір оны зерттеп жатқанын мәлімдеді.

Ирактағы экстремистерге қарсы халықаралық коалиция құрамында әуе операцияларына қатысып жатқан британ әскери ұшақтары былтырғы желтоқсан айында Сириядағы ИМ позицияларына әуеден соққы беруді бастаған. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 820
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 654
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 519
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 532