Жұма, 3 Мамыр 2024
Қоғам 8836 0 пікір 5 Қаңтар, 2016 сағат 07:37

ПУТИН 2017 ЖЫЛЫ ТАҚТАН ТАЙДЫРЫЛАДЫ

Украиналық Влад Росс – жеке адамдардың жұлдыз-жорамалын құрастырумен ғана емес, саяси оқиғаларды да болжаумен танылған астролог. Ол Азаттыққа жаңа жылға арналған болжамдарын айтып беріпті.

Влад Росс Ресейде әр 32 жыл сайын биліктегі адам орнынан кетірілетінін айтқан.

– Оны ұлықтау рәсімі ешқандай проблемасыз өтті. Жалғыз білетінім, Заратуштра заманындағы күнтізбе бойынша түйе жылы қайта айналып соғатын әр 32 жыл сайын [Ресейде] биліктегі адам орнынан кетіріледі. 1921 жылы, яғни түйе жылында Ленинді биліктен іс жүзінде тайдырып, Горкиге жіберді, ол шамамен көктемде – наурыз айынан алжаса бастаған. Оған 32 жылды қоссақ, 1953 жыл шығады. Тағы да наурыз айында Сталин қайтыс болды, мүмкін өз ажалынан емес шығар. Діни семинарияда оқып жүргенде «ажалың кісі қолынан болады» деген болжамнан кейін ол көлеңкесінен қорқатын болған. Елдің саясаты сол сәттен бастап күрт өзгерді. 1953 жылға 32 жылды қоссақ, 1985 жыл шығады. Бұл жылы да ел саясаты күрт өзгеріске ұшырап, наурыз айында билікке Горбачев келді. Оған 32 жылды қоссақ, Ресей саясаты тығырыққа тірелетін 2017 жыл – Заратуштра күнтізбесі бойынша тағы түйе жылы. Ал наурызда Путиннің билікте қалу-қалмасы белгілі болады. Ол билікке 1999 жылы 9 тамызда– күн тұтылғанда келгендіктен, оның екінші циклы бар. Ал 11 тамызда күн сұмдық тұтылып, бүкіл Еуропаға көрінген. Ол шынымен де Ресей тағдырына ықпал ететін кармасы мықты билеуші. Оның тағдыры 18,5 жылда шешілуі тиіс. Егер 1999 жылдан бастап санасақ, күн тұтылу циклы тағы қайталанатын 2017 жыл шығады екен. Яғни, күнтізбелік циклдың екі көрсеткіші бойынша, 2017 жыл Путин үшін ең қауіпті жыл екенін көреміз. Әрине, ол сарай төңкерісінен де қорқуы тиіс, тіпті өміріне қастандық жасалуы мүмкін. Әдетте мұндай жағдай әсіресе наурызда болады. Неге екені белгісіз, бірақ Черненко да, Сталин де наурызда қайтыс болды, Ленинді Горки кентіне наурызда жіберді. Осындай қызық үрдісті байқауға болады. Сондықтан 2017 жыл Ресейге үлкен бетбұрыс әкелетін жыл болмақ. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 689
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 486
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 418
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 421