Жұма, 3 Мамыр 2024
Деп жатыр 5501 0 пікір 5 Қаңтар, 2016 сағат 18:24

МС САЙЛАУБЕК ЖҮРЕТІН ҚЫЗЫНЫҢ БАР ЕКЕНІН ЖӘНЕ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ҮЙЛЕНЕТІНІН МӘЛІМДЕДІ

Түсініксіз тілімен алдымен ғаламтор жұлдызына айналып, кейіннен “өнерімен” халыққа жақсы танылған МС Сайлаубек 2016 жылы үйленгісі келетін ниетін білдірді. Бұл туралы рэпер “Кешкі кездесу” бағдарламасында әңгімеледі.

Рэп орындаушысы сүйіктісінің кім екенін, қай салада қызмет атқаратынын құпия ұстауды жөн көрді. Жүргізушінің “жарыңызға арнап “дені дұрыс” ән шығарасыз ба? деген сұрағына ол болашақта қазақ тілінде 2-3 ән дайындайтынын жеткізді.

“Өзімнің диджейлерім бар. Солар маған жазып береді”, – деп қысқа қайырды Сайлаубек.

Сол арада студияға қонақ ретінде шақырылған жас әнші Серікбол Сайлаубек танымал рэперге өздерінен кеңес сұрауға болатынын айта кетті. Әртіс әріптесіне жөн сілтеп, жол көрсетуге дайын екенін меңзеді.

Диджейлер ешқашан да сөз жаза алмайды, олардың сөздерінің бәрі өтірік
“Бұл кісінің өнерден хабары жоқ шығар. Сол үшін бізден келіп ақыл-кеңес сұраса жақсы. Диджейлер ешқашан да сөз жаза алмайды, олардың сөздерінің бәрі өтірік. Сондықтан өнер саласында ақын-жазушы ағаларымыз бар. Сол кісілер ғана дұрыс сөз жазады”, – дейді Серікбол Сайлаубек.

Сондай-ақ, Серікбол рэпер әріптесін Тараздағы концертінде бірге өнер көрсетуге шақырғанын да атап өтті. Ондағы мақсаты, МС Сайлаубектің өнерге деген көзқарасын өзгерту екен.

Бағдарлама барысында отандық режиссер Асқар Бисембин МС Сайлаубектің “дарынды” екенін мойындап, “жыл жаңалығы” атағына лайық екенін айтты.

Ақпарат: NUR.KZ

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 908
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 760
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 592
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 596