Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3745 0 пікір 26 Қаңтар, 2016 сағат 10:03

ДУШАНБЕ: МЫҢНАН АСТАМ ТӘЖІК ИМ-ГЕ ҚОСЫЛДЫ

Тәжікстан билігі 1 мыңға тарта тәжік азаматы Сирия мен Ирактағы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының қатарына өтіп кеткенін мәлімдеді.

Бұл сан - Душанбе бұған дейін келтірген көрсеткіштен екі есе көп. Тәжікстан ішкі істер министрі Рамазон Рахимзоданың хабарлауынша, Сирия мен Ирактан 61 тәжік азаматы қайтып оралған. 148 тәжікстандық Сирия мен Ирактағы соғыста қаза тапқан.

Бұған дейін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ИМ-ге өткен тәжікстандықтар арасында 21 студент барын мәлімдеген. Рахмон елдегі және шет мемлекеттердегі мешіттер мен басқа да діни институттар адамдарды экстремистік топтар қатарына тартуда үлкен рөл атқаратынын айтқан.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 744
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 559
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 458
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 475