Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3980 0 пікір 26 Қаңтар, 2016 сағат 10:09

ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ТӘЖІК ТОБЫНЫҢ ЛИДЕРІ ӨЛТІРІЛДІ

Тәжікстан ішкі істер министрі Рамазон Рахимзоданың мәлімдеуінше, Ауғанстанда тыйым салынған ислам тобының лидері өлтірілген.

Бұл жөнінде министр дүйсенбі күні Душанбеде журналистерге хабарлады. Оның айтуынша, «Жамаат Ансарулла» тобына жетекшілік еткен Амриддин Таббаров өткен жылдың шілде айында ауғандық әскери күштер жүргізген операция кезінде қайтыс болған. Ол сонымен бірге молда Амриддин ретінде танымал. 1992-1997 жылдардағы Тәжікстандағы азаматтық соғыс кезінде үкіметке қарсы күштерді басқарған.

1990 жылдардың соңында Таббаров «Өзбекстанның ислам қозғалысы» ұйымына кіріп, Ауғанстанда соғысқан. Кейін ауғандық талибтер биліктен шеттетілгеннен кейін, Пәкістанға көшеді. 2010 жылы ол «Жамаат Ансарулла» ұйымының негізін қалайды. «Әл-Каидамен» тығыз байланыс орнатады. Оның кейбір мүшелері «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына кіріп, ант қабылдап, Сирия мен Иракта соғысып жүр.

2012 жылы «Жамаат Ансарулла» ұйымын террористік топтардың тізіміне енгізеді. Оның қызметі Тәжікстанда тыйым салынған. Өткен жылы Тәжікстанда аталған ұйымның ондаған мүшелерін түрмеге жапты.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 763
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 580
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 476
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 484