Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2439 0 пікір 10 Маусым, 2010 сағат 12:09

Әділ Тойғанбаев: «Құқықтық мемлекет құруға «шығындалғысы» келмегендер бәрінен ұтылады»

Елбасы "Ұлт көшбасшысы" туралы заңға қол қоюдан бас тартқан күннен бір күн бұрын "Жұмадағы ЖҮЗДЕСУ" газетінің тілшісі Қазақ Ұлттық Конгрессінің көсемі Әділ Тойғанбаевпен сұхбаттасқан еді.

- Ұлт көшбасшысы деген лауазымды енгізу туралы бастама көтерілді. Ел басқарудың ең жоғары құзыреттері берілгелі отырған ұлт көшбасшысына қатысты сіздің көзқарасыңыз қандай? Бұл Конституцияда көрсетілген демократиялық жолдан ауытқи бастағанымыздың көрінісі емес пе?

- Бұл мәселеге біржақты баға беру қиын. Өйткені, «не» және «не үшін» деген сауалдардың арасында үлкен айырмашылық бар.

Басқарушы партия басшылығының Президентке ұсынып отырған қызметі жақсылықтың нышаны емес. Осы кезге дейін бір адамның билігі нығайып, жеке-дара билік ету тенденциясы етек ала бастағанын, президенттің өкілеттілігі күшейіп, елді шексіз басқару мүмкіншілігі берілетінін ауызекі әңгімеде ғана айтып жүрсек, енді бәрі ашықтан-ашық жасалғалы отыр. Шенеуніктердің қиялы бұдан басқа нәрсе ойлап табуға жетпеген сияқты. Жалпы, олардың бастамасы екі-ақ бағытта болады: уақытты тоқтатып қою және көзі тірі адамдардан монумент жасау. Тарихқа қатысты басқадай іс-шараға олардың шамасы жетпейтін секілді.

Елбасы "Ұлт көшбасшысы" туралы заңға қол қоюдан бас тартқан күннен бір күн бұрын "Жұмадағы ЖҮЗДЕСУ" газетінің тілшісі Қазақ Ұлттық Конгрессінің көсемі Әділ Тойғанбаевпен сұхбаттасқан еді.

- Ұлт көшбасшысы деген лауазымды енгізу туралы бастама көтерілді. Ел басқарудың ең жоғары құзыреттері берілгелі отырған ұлт көшбасшысына қатысты сіздің көзқарасыңыз қандай? Бұл Конституцияда көрсетілген демократиялық жолдан ауытқи бастағанымыздың көрінісі емес пе?

- Бұл мәселеге біржақты баға беру қиын. Өйткені, «не» және «не үшін» деген сауалдардың арасында үлкен айырмашылық бар.

Басқарушы партия басшылығының Президентке ұсынып отырған қызметі жақсылықтың нышаны емес. Осы кезге дейін бір адамның билігі нығайып, жеке-дара билік ету тенденциясы етек ала бастағанын, президенттің өкілеттілігі күшейіп, елді шексіз басқару мүмкіншілігі берілетінін ауызекі әңгімеде ғана айтып жүрсек, енді бәрі ашықтан-ашық жасалғалы отыр. Шенеуніктердің қиялы бұдан басқа нәрсе ойлап табуға жетпеген сияқты. Жалпы, олардың бастамасы екі-ақ бағытта болады: уақытты тоқтатып қою және көзі тірі адамдардан монумент жасау. Тарихқа қатысты басқадай іс-шараға олардың шамасы жетпейтін секілді.

Шенеуніктердің жұтаң  қиялы беделімізден айырады. Соның салдарынан билікті сақтап қалу үшін  жөн-жосықсыз әңгіме айтып қана қоймай, енді оны ақылға сыймайтын тәсілмен іске  асыру туралы бастама көтеріп, режімдер лигасының деңгейіне түсіп отырмыз. Бейнелі түрде айтсақ, Венесуэла лигасынан Ниязов кезіндегі Түркіменстан лигасына ауысып жатқан секілдіміз. Бұған дейін демократияны бер жақтарынан болса да жақтап келген ел басшылары енді әдеп пенен ұятты ысырып тастап, ашықтан-ашық авторитарлық арсыздыққа барып отырғандай  елестейді.

Осындай бассыздықтың құрбаны ең бірінші еліміздің әлемдегі беделі болса, екіншісі - президенттің өзі. Келеңсіз бастаманың салдарынан Қазақстанның халықаралық аренадағы беделіне нұқсан келгелі отыр. Ең сорақысы, мұны  сырттағы мүдделі топтар емес, президенттің жеке билігі жасап отыр. Бұл ел басшысының беделін түсіріп қана қоймай, абыройын да әлсіретіп, оны саяси оқиғалардың нысанасына айналдырады. Егер ұлт көшбасшысы жөніндегі бастама президенттің өз аузынан шығатын болса, ол әрі кеткенде билік жүйесінде түбегейлі өзгерістер болатынын аңғартып, жай ғана интрига туғызуы мүмкін еді. Алайда, президентті айналасындағы шенеуніктер (саналы түрде деп ойлаймыз) монумент болуға итермелеп отыр. Монумент - қозғалыстарға және сөзге тәуелді. Яғни, Назарбаев айналасындағы шенеуніктерге олардың жеке легитимділігінің құралы ретінде керек болып отыр. Өйткені, бүгінгі президент болмаса, олар қандай сайлауға қатысса да, заңды билікке қол жеткізе алмайды. Яғни, мақсат айқын - мемлекет басшысын күнделікті саясаттан алыстатып, оның қызметін «жалпы стратегиялық басшылықпен» шектеу.

Мәртебесі жөнінен олар мемлекет басшысын монумент ретінде көргісі келеді. Ал шын мәнінде ойыншыққа айналдырғалы отыр. Өздері сол ескерткіштің көлеңкесінде билік жүргізе бермек. Сол ескерткіштің артына жасырынып, халықтан қорғанбақ. Ал ақылға сыйымсыз, ойға қонымсыз саясатына көшбасшыны жауапты етіп қоймақ.

Тірі адамға күмбез орнату қатысты осы әбігердің барлығы басқарушы «элитаның» өздерінің ешқандай бәсекеге төтеп бере алмайтынын және болашақтарының да бұлыңғыр екенін мойындауының көрінісі. Билікті демократиялық жолмен ауыстыруға қатысты соңғы нүктені қойып, авторитаризмді мәңгілікке қалдыруға әрекеттеніп жатқан да осы «элита». Олар өркениетті дамуға өрелері жетпейтінін мойындап отыр. Әділ ойын ережелерін қаламайтынын көрсетіп отыр. Дегенмен де, дәл қазір Назарбаевтың қолында үлкен мүмкіндік бар. Басқаша айтсақ, көшбасшылар командасы болуға дәрмені жетпейтін, тек жайылып жастық, иілік төсек болуды ғана білетін айналасындағылардың бәрінен біржолата құтылудың мүмкіндігі туып тұр. Сол арқылы іс жүзінде ұлт көшбасшысы екенін көрсетуіне болады. Ал ұлт көшбасшысына қатысты алдындағы құжатты кері қайтарып, оған қол қоюдан бас тартуы керек. Алтыннан апталып, күміспен күптелген тордың ішіне қамалудан бас тартып, жасанды жағымпаздықтан өзге ештеңені көрсеткісі келмей отырғандардың түпкі ойына балта шабуы тиіс. Оның орнына: «Туған халқымнан қорғанатындай не басыма күн туды?! Маған сондай кепілдік керектігіне сенімдісіңдер ме? Өздеріңнің өрелеріңе шақтап отырған жоқсыңдар ма? Өмірлік президент дегенге мастанып, көзі тірі ескерткіш болудан өзгеге қауқары жетпейді дейсіңдер ме?!» - десе, қисындысы сол болар еді.

Бұл Қазақстанды Түркіменстанға айналдырғысы келетіндерге берілетін ең әділ әрі стратегиялық жағынан да ең дұрыс жауап болар еді. Сондай-ақ, бұл басқарушы команданы кәсіби негізде қайта жаңғыртамын деушілерге де жол ашар еді.

- Өте жағымсыз баға беріп отырсыз. Сонда қалай, парламентарийлердің бастамасында жылт еткен жақсы ниет-нышан жоқ па?

- Жылт еткен жақсылық жоқ емес, бар. Мәселен, «ұлт көшбасшысы» деген тіркестің арқасында «ұлт» деген саяси ұғым қайта қалпына келіп, заңдастырылады. Бұл дәл қазіргі кезде біз үшін аса маңызды. Әрі оның дер шағы.

Бюрократтарымыздың қандай жолмен болса да халықпен түсінісуге әрекет етіп жатқаны да қуантады. Күні бүгінге дейін олардың халықты өз бетінше саяси шешім қабылдауға қабілетсіз санап, қамқорлық жасағысы келгендерін ескерсек, бұл, әрине, жақсы нышан. Халықтың бар екені естеріне түсіп жатса, бұл да жақсы шығар. Дегенмен, шынтуайтқа келгенде, жағымды дәнеңесі де жоқ.

Болашақтан қатты қорқатындардың дәл қазір де қағанағы қарқ, сағаны сарқ болып отырғаны шамалы. Біз бір айрықша жағдайды бастап кешіріп отырған жоқпыз. Көршілес елдерде түрлі жолдармен билік бір президенттен екіншісіне ауысып жатты. Ельциннің қандай шешім қабылдайтынына қатысты әрқилы талдаулар жасалып, саяси әбігер болғанын да білеміз. Ресей мен Беларусь одағын басқара ма? Конституцияда көрсетілмеген қандай да бір бақылаушы лауазымды иемдене ме? Төтенше жағдай жариялай ма? Әлде билікті ешкімге де бермейтінін айтып, отырып ала ма?.. Посткеңестік кезеңде Ресейде бірінші рет билік ауысқан тұста осы сауалдар әр адамның көкейін тескен. Ақыры қалай болғаны бәрімізге мәлім. Түптеп келгенде, дәл сол кезде ресейлік элитаның бүгінгі біздегі басқарушы элитадан айтарлықтай айырмашылығы жоқ болатын. Алайда, Борис Николаевич қиялға ерік бермеді. Сиқыршылар мен алдап-арбаушылардың қақпанына түспеді, тағдырды қолдан жасауға тырысқан жоқ. Жай ғана заң шеңберінде әрекет етті.

Путиннің билігіне қатысты да әртүрлі әңгіме айтылды. Әрине, Путиннің жөні бөлек еді. Айтпақшы, «ұлт көшбасшысы» деген біздікілердің ойлап тапқан жаңалығы да емес. Дэнсяопиндік бұл вариант 2007 жылы Ресейде де көтерілген. «Бірыңғай Ресей» Путинді ұлт көшбасшысы етуге әрекет жасаған. Нәтижесінде олар қарапайым жолды таңдады. Бірақ, бізде олай болуы мүмкін емес. Оның объективті себептері бар.

- Ол қандай себептер?

- Бізде сенім деген құндылық жоққа тән. Билік қатынастарының ауқымы өте тар, заңы қатал. Біздің Президентіміздің ешқандай да жақтасы жоқ. Тек бағынушылары ғана бар. «Медведев» вариантының бізде жүзеге асуы мүмкін емес жағдай.

- Сөз басында біржақты бағалау қиын деген едіңіз. Бірақ, сіздің бағаңыз тым біржақты көрініп отыр. Президент жақтастарының әрекетінде ешқандай да оң ниет жоқ па, сонда?

- Бір ғана жағымды нәрсе - олардың болашақ туралы ойлана бастауы. Олардың ой-өрісінің шектеулілігі, тіпті көршіміздің «идеясын» ұрлап алғаны түсінікті әрі кешірімді де. «Элитадан» интеллектуалдық шешім күткен де жоқпыз. Соған қарамастан, олардың тарихта мәңгілік ештеңе жоқ екенін түсіне бастауы - жақсылықтың нышаны.

Елде бейберекеттіктің болуы оларға ғана емес, Қазақстанның барша азаматына керек емес. Алайда, саяси процестер алға жылжымайтын, азаматтық қоғамы жоқ, биліктің кәсіби негізде жаңарып отыруы жолға қойылмаған, халықтың мақсат-мүддесі ескерілмейтін елде бейберекетсіздіктің болатыны бүгінгі күні айдан анық болып отыр. Егер билік өркениетті стандарттармен дамуды қаламаса, онда тек жабайы жолмен өмір сүруге тура келеді. Басқа жол жоқ.

Басқарушы элита ең бірінші кезекте осыны түсінуі тиіс. Тұрақтылықтың іргесі шайқалса, оның зардабы ауыр болмақ. Оның үстіне, кері кету халыққа ғана зиян емес, ол бүгінгі билік жүйесіндегілер үшін де тиімсіз. Олардың санасындағы диктаторлық режимнің болашағы жоқ, ол ең сенімсіз режим. Ирак, Конго мысалы, көршілес Қырғыз еліндегі жағдай соның жарқын көрінісі. Өркениетті жолмен дамығысы келмесе, ондай элита сыртқы күштерге жем болады. Оған әлемдік қауымдастық араша түсе алмайды. Еуропаға арқа сүйеудің де қажеті шамалы, кезі келсе олар да сырт айналады.

Әрине, тұрақсыздық - өте қауіпті нәрсе. Басқарушы элитаның осы тұрақсыздықтан өлердей қорқатыны соншалық, бұл мәселеде ешқандай алға жылжушылық байқалмайды.

- Сонда, сіздіңше, не істеу керек?

- Өркениетті жолмен әрекет ету керек. Бастапқы кезде өркениеттілікке ұмтылудың өзі үлкен жақсылыө. Біз осы жолмен жүріп келе жатқан едік. Ойыншық болса да, көппартиялы жүйе құрдық. Құндылығын түсінбесек те, сол ережелермен жүруге тырыстық. Бірақ, олардың қадірін білмедік.

Біздің шенеуніктер, мейлі аппараттағылар болсын, күштік құрылымдардың қызметкері болсын, демократия ойынын ойнауға келгенде есеңгіреп қалады. Олар батыстың мәдени дәстүрлерін сақтаған кейіп танытып, оларды алдағысы келеді. Мұндай жасандылықтың не қажеті бар? Біздің өз дәстүрлеріміз бар және ешкім де бізге жөн көрсете алмайды.

Біздің шенеуніктер құқықтық мемлекет дегеннің біреулердің дәстүрі емес екенін түсінбейді. Құқықтық мемлекет деген түрлі топтардың мүддесін көздей отырып, елді даму жолына апаратын ең сенімді және уақыт тезінен өткен тәсіл екенін мойындай алмайды. Әрине, қандай да бір клан билікті жекешелендіріп алуы мүмкін. Бірақ, оның ғұмыры ұзаққа бармайды. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, демократиялық механизмдермен жұмыс жасайтын құқықтық мемлекеттің ғана ғұмыры ұзақ болатынын аңғарамыз.

Мұндай шешім болашақтың қамы үшін баршаны біріктіреді. Оның ішінде бүгінгі күні билікке табандап жабысып алғандар да бар. Әрине, ондай болашақтың құны да қымбатқа түседі. Жаңа мемлекетте монополистер болмайды. Ондай мемлекетте өмір сүру, даму және өз бизнесіңді қалыптастыру әлдеқайда қиынға түседі. Жағымпаздықтың түкке қажеті болмай қалады. Демократиялық мемлекетте сайлаушының алдында ғана жайылып жастық, иілік төсек болуға тура келеді. Мұның барлығы, әрине, мүлдем басқа кәсіби машық пен мүлдем басқа шешімдерді талап етеді. Ақордада мұның екеуі де жоқ. Басқаша айтсақ, демократиялық мемлекетте элитаның жағдайы қиын болуы мүмкін. Ал антидемократиялық қоғамда олардың ғұмыры қысқа. Өйткені, күндердің күнінде кландық жүйе қирайды. Ал ондайда «бұрынғы» болу олардың ғұмырының келте екенін аңғартады. Бәрі де уақыттың еншісіндегі шаруа. Ерте ме, кеш ме, құрдымға кетуге тура келеді. Егер ерте әрекет етіп қалса, болашағына жол аша алады. Ал кеш қалса, құрдымға кеткені кеткен.

- Ел басшыларының мемлекетті демократиялық жолмен дамытуына жол көрсете алатын мысалдар бар ма? ТМД елдерінде биліктің ауысуы құлдырауға алып келеді, тіпті соғыс та болуы мүмкін деген пікір бар. Бұған қалай қарайсыз?

- Билік конституциялық жолмен ауыспаған жағдайда, солай болуы бек мүмкін. Ол конституциялық жолмен өзгерту мүмкін болмаған жағдайда болады. Біздің алдымызда мұның екеуіне қатысты да нақты мысал бар: Қызғызстан және Украина.

Қырғызстанда диктатор басшы мен оның отбасының тойымсыз құлқыны әлеуметтік жарылыстың тууына себепкер болды. Бірақ, барлығы заңсыз жолмен жүріп жатыр. Уақытша үкімет заң билігі мен атқарушы билікті қоса иемденгенімен қоймай, сот билігін де қолдарына алып отыр. Бұл сотталушыға жаналғышты қорғаушы етіп бекіткенмен бірдей нәрсе. Қырғыздар үшін мұндай биліктің болашағы жоқ.

Украина парламентіндегі еркіндік біздегі «тұрақтылықтың жоқшылары» үшін түсініксіз. Олардың ойынша, «парламентте төбелесіп жатса, халыққа не үлгі?». Менің ойымша, бұл ең жақсы үлгі. Өйткені, олар көшеде төбелеспейді. Парламент мерзімінен бұрын таратылған жағдайда да түрлі партиялардың жақтастары бір-бірімен қақтығысуға жол бермейді. Өйткені, күні ертең-ақ сайлауға барып, өздерінің қолдайтын партиясына дауыс беруге болатынын біледі. Олар саясаткерлердің тағдыры халықтың қолында деп есептейді.

Украинада осымен екінші рет билік бейбіт жолмен ауысты. Кей жерлерде басқарушы партия жеңіске жетсе, енді бірінде оппозиция жеңді. Осымен екінші рет олар билікті түбегейлі өзгеруге әрекет жасады. Және ол реформалар жасанды жолмен жүргізілген жоқ. Ақыр аяғы құндылықтарға дейін қайта қаралды. Алғашқысында азаматтардың көңіл толмаушылығы байқалса, екінші рет ешқандай наразылық болған да жоқ. Мәні жөнінен де, мазмұны жағынан да.

Біздегі «тұрақтылықтың жоқшылары» осыдан сабақ алуы тиіс. Ющенко сайланғаннан кейін Кучманың командасы далада қалды. Алайда, олардың ешбірі түрмеге тоғытылған жоқ, ешқайсысының бизнесіне зиян тиген жоқ. Ал біздікілердің зәре-құтын алатын нәрсе осы емес пе?! Біздің «элита» биліктен айырылу дегенді түксіз қалу деп түсінеді.

Бұрынғы команда бес жыл ішінде саяси және қаржылық қорын жоғалтқан жоқ. Керісінше, қайта топтасып, билікті қайтарып алды. Олай болса, билікті халыққа бергенде тұрған ештеңе жоқ шығар! Ол үшін қулық жасап, құйтырқы жолдарды тауып, жоқ жерден проблема жасаудың қажеті жоқ. Ол үшін түрлі топтардың мүддесін көздеуді түрлі саяси партияларға тапсырып, шын мәнінде демократиялық мемлекет қалыптастырса жетіп жатыр. Ал демократиялық қоғамда мәртебесіне де, басқасына да қарамастан, жалпыға ортақ ережелер қалыптасады. Және ол ережелер мәңгілікке орнығады.

- Сонда қалай, Украинаның ұстанған жолы ең дұрысы болып тұр ма?

-Біз үшін ең маңыздысы - өз жолымызды, қазақ жолын табу. Бізге біреудің етегіне жармасудың қажеті де, мәні де жоқ. Ең алдымен бір нәрсені анықтап алу керек. Құқықтық мемлекет құруға «шығындалғысы» келмегендер түбі бәрінен ұтылады. Сарай маңындағылар демократиялық республика біздің ғана арман деп емес, олардың да өз пайдасы болатынын неғұрлым ертерек түсінсе, соғұрлым жақсы болмақ. Олар ойдан шығарып алған авторитарлық арба ешқайда апармайды.

 

10/06/2010

"Жұмадағы ЖҮЗДЕСУ"

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 836
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 673
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 529
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 539