Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2514 0 пікір 10 Маусым, 2010 сағат 05:51

Президент Ақтауда жол битумы зауытының құрылысын бастап берді

Ақтау. 9 маусым. ҚазТАГ - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтауда жол битумын шығаратын бірлескен «CASPI BITUM» кәсіпорнының құрылысына бастау берді, деп ҚазТАГ тілшісі хабарлады.

Маңғыстау облысындағы жобаларды таныстыру аясында облыс әкімдігі мен құрылыс нысандары арасында телекөпір ұйымдастырылды. «KPI» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Қырымовтың битум өндірісі жобасын іске асыру туралы қысқаша есебінен соң, мемлекет басшысы зауыт құрылысының басталуына батасын берді. 

Телекөпір арқылы президентке басқа да ірі жобалардың өңірде іске асырылуы барысы туралы көрсетілді. Оның ішінде «Земля-Море-Небо» ( «Морпорт Ақтау» АЭЗ, «Каспийский энергетический хаб», «Ақтау Сити», «Кендірлі», Каспий технологиялық университеті, энергетика мен көлікті дамыту). Тікелей эфир барысында «Өзен - Түркменстан мемлекеттік шекарасы» темір жолы мен Бейнеу кентіндегі астық терминалының құрылысы көрсетілді.

Облыс әкімдігінен хабарланағандай, қазір өңірде индустриаландыру картасына енгізілген 12 жоба іске асырылуда. Олардың сегізі биыл аяқталуы тиіс. 4 жоба 2010 жылдың бірінші жартыжылдығында жұмысын бастайды. Олардың жалпы құны - Т22,7 млрд болады.

Облысқа жасаған сапары барысында президент республикадағы оралмандардың адапатциялық тұңғыш орталығының жұмысымен танысты. Орталық жұмысын 2010 жылы сәуірде бастаған болатын. Баспана 200 оралманды алты айға қабылдауға есептелген.

Орталықта оларға қазақ және орыс тілдерін үйретіп, ҚР негізгі заңнамасымен таныстырып, одан арғы жұмысқа орналасуымен т.б. көмектеседі.

Ақтаудағы пластмасса зауытында жол битумын өндіру жобасы мұнай химия өнеркәсібін 2013-шы жылға дейін дамыту бағдарламасы аясында әзірленген және 2011 жылы зауыт құрылысы аяқталған соң, Қазақстан жылына 400 мың тонна БНД 60/90, БНД 90/130 маркалы және полимер-модифицирленген битум өндіретін болады.

Алғашқы шикізат ретінде Қаражанбас кенішінің мұнайын жылына 1 млн тонна көлемінде пайдалану жоспарлануда.

Н. Назарбаев сәрсенбі күні түс ауа екі күндік жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді. 10-шы маусымда ол Ақтаудан Ташкентке ұшып шығып, онда ШЫҰ саммитіне қатысады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 745
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 560
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 458
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 475