Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Билік 7485 0 пікір 10 Ақпан, 2016 сағат 03:00

«ОЙНАСТАР» МЕЙРАМЫНЫҢ ҚАЗАҚҚА ҚАЖЕТІ ЖОҚ

Азғындар мейрамына айналған «Валентин күнінен» құтыла алмай жүргенімізде; «қазақтың өз «ғашықтар күні» мейрамын жасайық, ол сәуірдің он төрті болсын» деп жарнамалап жүргендерге айтарым бар. «Оның «әулие Валентин мейрамынан қай жері артық? Қандай айырмашылығы бар, екеуі де азғындыққа насихаттайды. Жалпы «Ғашықтар күні» деген мейрамның атын өшіру керек. «Ғашықтар күні» мейрамының не екеніне бастары жетпей жүргендердің естеріне салайын...

«Валентин» мейрамының нағыз тарихына келетін болсақ, ежелгі Рим империясында 14 ақпан күні бүкіл халық жиналып сабантой жасаған. Сол күні мейрам соңына қарай ортаға үлкен жәшік қойылады. Қыздар сол жәшікке өз аты-жөні жазылған қағаз тастайды. Сосын жігіттер «лотерея» билетін алғандай бір-бірлеп келіп бір қағаздан алып отырған. Қағазда кім жазылса сол қызды келесі мейрамға дейін әйелі ретінде емес, ойнас ретінде пайдаланатын дәстүрі болған. Уақыт өте келе дін қызметкерлерінің ықпалы артып 494 жылы шіркеу басшысы  Валентин  мұндай азғындық әдетке тыйым салады. Халық шіркеу басшысын жақсы көріп, ардақтап «әулие Валентин» деп атап жадында сақтайды.

Ғасырлар өтіп, жер бетінің Америка құрлығына ойдан қашқан қарақшылар, қырдан қашқан ұры-қарылар, ақша қуған, қаңғыбастар елі – АҚШ мемлекеті пайда болады. Жұмыртқадан жүн қырыққан айлакер сатушылар, пайдакүнемдер бірінен бірі асып, жоқтан бар жасап ақша табу үшін неше түрлі айлакерлік жолын жасап жүрді. Солардың бірі Дэвис 1840 жылы ақша табудың жаңа жолын тапты. «Әулие Валентинге» қатысты тарихтың өңін айналдырып жіберді. «Ежелгі Римде сарбаздарға үйленуге рұқсат болмаған. Сондықтан сарбаздар жасырын түрде шіркеуге барып некелерін қидырған. Тыйымға қарсы шығып заңсыз екі жастың некесін қиған «Валентин» деген шіркеу қызметкерінің «қылмысы» ашылып, оны өлім жазасына кеседі. Түрмеде жатып түрме бастығының соқыр қызына ғашық болыпты-мыс. Өлерінің алдында қызға хат жазып «Валентин» деп қол қояды» деп қайта жазып шығады. Бұл тарихты газеттерге жазып 14 ақпанды «Ғашықтар күні» деп атап құттықтау қағаздарын басып, сатуға шығарады. Бірінші жылдың өзінде-ақ бес мың доллар пайда табады. Сол кездегі өлшем бойынша бұл өте көп ақша еді.

Қазіргі таңда АҚШ-тың «рождествосы» жаңа жылына арнап  шығарған сыйлықтарынан гөрі  «Валентин» сыйлықтарынан түсетін пайда шаш етектен екен. Ақша табудың оңай жолын тапқан алаяқ саудагерлер христиан халқы түгілі «ғашықтар күнін» мұсылман қазақтарының да мейрамына айналдырып жіберді.

Ал енді логикалық тұрғыда ойлап көрелік. Біріншіден оқиға болды дегеннің өзінде ол Италияда өткен. «Әулие Валентин» мейрамын ойлап тапқан саудагер АҚШ-та тұрады. Зерттеуші, тарихшы, ғалым да емес. Екіншіден, түрме бастығы өлім жазасына кесілген қылмыскерге қызымен таныстыратындай  ақымақ  болғаны ма? Сонда ол түрме ме әлде түрме бастығының үйі ме? Үшіншіден, бұл мейрам тек әлі үйленбеген бір-біріне ғашық жандардың мейрамы емес пе? Онда не себепті қазақтың көп ессіз жігіттері-жігітті, қыздары –  қызды «ғашықтар күнімен» құтықтайды? Сонда еркектеріміз  «гомик», қыздарымыз «лесбиянка» болғаны ма? Шаласауатты мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері де он екіде бір гүлі ашылмаған бүлдіршіндерді құттықтап жүр. Сондықтан іні-қарындастарыма айтарым; орыс тілді газеттердің жазып, теледидардан айтып жүрген оқиға ойдан шығарылған – азғындар мейрамы. Бұл мейрамның жылдан жылға белең алып келе жатқаны оны жақтаушы; кәсіпкерлер, гомиктер, лесбиянкалар, тарнсвистер мен  жарымес қыз-жігіттердің ақымақтығы. Ақыл- есі бүтін, иманды да ибалы бауырларым жалған жарнамаға ермеңдер!

Тоғайбай НҰРМҰРАТҰЛЫ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 256
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 124
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 119
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 101