Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
46 - сөз 4481 0 пікір 22 Қыркүйек, 2015 сағат 09:03

РЕСЕЙ ҰЗАҚҚА БАРМАЙДЫ-АУ...

Srtatfor деген сайт Ресейдің өзінен басқа ешкім мойындамаған ойыншық - мемлекеттерді ұстап тұруға жұмсайтын шығынын есептепті. Жалпы құны жылына 5 млрд доллар.

Былтыр ЖІӨ 1 трлн доллар болған Ресейге тым үлкен шығын емес, бірақ сонда да:
- Абхазия - 300 млн доллар
- Оңт Осетия, Преднестровье - 100 млн-нан
- Қырым - 2,4 млрд 
- Донбасстағы екі облыс - 2 млрд доллар дейді.
Сирияға 500 млн доллардың қаруын тасып қойыпты. Тіпті, Таулы Қарабаққа да шығын шығарады дейді. Біразын бюджеттен емес, жергілікті бизнесмендерді қылқындырып, қалтасынан суырып алған көрінеді. Жалпы Украинамен қақтығысынан кейін санкциялардан көрген шығыны 3 трлн рубль - 45 млрд долларға жетіпті.

P.S. Кезінде әлемге тек мұнай сатып, онысын қару-жараққа жұмсап, қалғанын әлемдегі кедей социалистік елдерге бөліп беремін деп халқын ашқұрсақ етіп КСРО тарап кеткен еді. Мыналар да соның айнытпай жолын қуып келе жатыр.... Оған қоса, өздерінен басқаны адам санамайтын өлмейтін шовинизмі бар. Ұзаққа бармайды-ау....

Нұрмұхаммед Байғараев

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір