Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3820 0 пікір 22 Қыркүйек, 2015 сағат 16:14

МҮФТИ САРБАЗДАРДЫҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Ақтаудағы «Оймаша» полигонында оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан жауынгерлердің қайтыс болуына байланысты марқұмдардың туған-туыс, ағайын-жұртына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметі.

«Мемлекетіміздің тыныштығы мен еліміздің амандығы жолында борышын өтеп жүрген жас жауынгерлердің қазасы туралы қаралы хабар біздің де жанымызға батты.

Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір өсиетінде: «Отанын күзеткен шекарашының көзі ақыретте күймейді», - деген. Ата-бабаларымыз мұра етіп қалдырған Отанның азаттығы мен тыныштығын қорғау өшпейтін өнеге, үзілмейтін ізгі амал.

Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан марқұмдардың ата-анасына, туған-туыстарына көңіл айтамын. Алла Тағала қазаның артын қайырлы етіп, Жаратушы Иеміз өз мейіріміне бөлесін!», – делінген көңіл айту жедел хатында.

Еске салсақ, қайғылы оқиға Ақтаудағы «Оймаша» полигонынан 5 шақырым қашықтығы Каспий теңізінде болған. Жаттығу кезінде төрт бірдей «БТР-80» ұрыс машинасы жағадан шамамен 150 метр ұзаған соң, қатты жел мен толқынға ұрынып, суға батып кеткен. Суға кеткен 4 жауынгер де мерзімді қызметін өтеуші жас жауынгерлер.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1156
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1062
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 790
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 918