Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Өзіңе сен 8998 0 пікір 6 Қазан, 2015 сағат 07:42

ДОХА. БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

Қазан айының 6-сы мен 15-і аралығы Катар астанасы Доха қаласында бокстан ересектер арасындағы Әлем чемпионаты өтеді. Аталған сында 2016 жылғы Олимпиада ойындарының жолдамалары сарапқа салынбақ.

Әлем чемпионатына дайындықты құрамында қазіргі әлем, Азия және Азиада чемпиондары Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы және жуырда ғана аяқталған Азия чемпионатының жеңімпаздары Олжас Сәттібаев, Әділбек Ниязымбетов, Василий Левит және Иван Дычко бар Қазақстан құрамасы бас бапкер Мырзағали Айтжановтың жетекшілігімен пысықтаған болатын.

Қазақстан құрамасының толық құрамы:

 

-         52 келі - Олжас Сәттібаев

 

-         56 келі - Қайрат Ералиев

 

-         60 келі- Закир Сафиуллин

 

-         69 келі - ДаниярЕлеусінов

 

-         75 келі - Жәнібек Әлімханұлы

 

-         81 келі - Әділбек Ниязымбетов

 

-         91 келі - Василий Левит

 

+     91 келі - Иван Дычко.

«Қазақстан» ҰТА мен «Kazsport» телеарнасы бокстан өтетін әлем чемпионатын 6 қазан күні басталатын алғашқы айналым сындарынан бастап ақтық сындар өтетін 15-ші қазанға дейін толығымен көрсетпек. 

Алғашқы айналым сындары мен ширек финалдық кездесулер «Kazsport»телеарнасының эфиріне жоспарланған. Ал жартылай финалдық және финалдық жекпе-жектерді көрермендер «Қазақстан» ұлттық арнасының тікелей эфирінен көре алады деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз-қызметі.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1694
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1648
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1379
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1312