Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3395 0 пікір 9 Қазан, 2015 сағат 02:00

Б. БАРБАСОВ: ҚАПШАҒАЙДА КҮН ЭЛЕКТР СТАНСАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

Қапшағай қаласында биыл қуаты 50 мегаватт болатын жаңа күн электр стансасының құрылысы басталады. Бұл туралы бүгін Алматыда «Неміс инвестициясының Қазақстанға келуі - мүмкіндіктер мен кедергілер» тақырыбында өткен 17-ші Германия экономикасының күні барысында «Самрұқ-Энерго» АҚ департаментінің директоры Бақтияр Барбасов мәлім етті. Бұл туралы abai.kz порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Қапшағай қаласында қуаты 50 мегаватт болатын жаңа күн электр станциясының құрылысы қолға алынып жатыр. Болашақта оның қуаты 100 мегаватқа жеткізеледі деп көзделуде. Соның арқасында елімізде ауаға таралатын зиянды қалдықтар жылына 116 тоннаға қысқарады. Аталмыш жобаны жүзеге асыру бойынша «Самрұқ-Энерго» АҚ «BISOLGroup» (Словения) компаниясымен және  қазақстандық «Astana Solar» ЖШС стратегиялық серіктестік орнату туралы келісімге қол қойған. Қазір екі компанияның жасаған панелдері Алматы облысында тестілеуден өтіп жатыр. Бұл жобаның мақсаты - Алматы облысын электр энергиясымен қамтамасыз ету және күн электр стансасына «жасыл» технологияларды пайдалана отырып, қоршаған ортаның экологиясының жақсаруына күш салу», - деді Б. Барбасов.

Айта кетелік, бұған дейін елімізде тұңғыш рет Қапшағай қаласында қуаты 2 мегаваттық күн электр стансасы салынып, өткен жылы 9-шы қазанда пайдалануға берілген болатын. Бұл өңірде осындай жобалардың қолға алынуы бекер емес. Өйткені, мамандардың айтуынша, Қапшағай қаласында жылына 300 күн бойы ауа-райы ашық болады екен.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің деректері бойынша 2030 жылға дейін Қазақстанда өндірілетін электр энергиясының 30 пайызын балама қуат көздері құрайтын болады. Бұл көрсеткішті 2050 жылға қарай 50 пайызға жеткізу жоспарланған.  

abai.kz 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1687
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1642
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1374
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1308