Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 4443 0 пікір 18 Қазан, 2015 сағат 16:49

ТІС ШҰҚУ МЕН ІС ҚЫЛУ

«Бізде нағыз оппозиция бар ма?» деген сауалға орай көкейде жүрген айтарым бар еді. Соның сәті бүгін түсіп тұр.

Оппозиция – таңдап алар кәсіп емес. Ол – оқумен келер мамандық та емес. Ол – баюға бастайтын бизнес те емес.

Оппозиция – көңілдің әлеуметтік-саяси «состояниесі». Ерік-жігердің қалауы. Оған ешкімді айдап апармайды. «Айдап апарар» бір күш болса, ол – қоғамның әлеуметтік ахуалынан туған таным мен түйсік қана. Сол таным мен түйсіктің төңірегіне жиналған әлеуметтік топ «оппозиция» деп аталса керек.

Сондықтан оппозицияға «барған адам» ешкімнің алдында өзіне міндет алмайды. Сен «өйтпедің», «бүйтпедің» деп, ешкім оған міндет қоюға қақысы жоқ. Егер ол оппозиция біріккен саяси күшке айналып, саяси партия құрып, қоғамды өзгертеміз деп, өзіне міндет алып жатса – әңгіме басқа.

Ал жылы пештің жанына жантая жатып ап, кешкілік ішкен сылдыр-су көженің ішіндегі үш түйір еттің тіске тұрған талшығын сыпыртқыдан сындырып алған шимен шұқи отырып: «Бізде оппозиция жоқ!» – деп, әлдебіреулерді жазғыра сөйлеу – өзінің ашқұрсақ күніне басқа біреуді жазғырғанмен бірдей жағдай. Сол күніңе наразы екенсің – өзің бар сол оппозицияға! «Қарасу сапырған мынау күнім құрысын, оппозицияны «өйттірем», «бүйттірем» десең – плиз: бара қал сол ортаға!

Ал бара алмайды екенсің, қышырың жоқ екен – құр осырық ойбаймен оңған күнге кенеле қалу болмайды. Бір бұрышта бұғып жатқан біреулер үшін басын бәйгеге тіккен «басқалар» жұмақ орнатып бермейді.

Оппозиция – жалдамалы жұмысшы емес. Оған «жылы пештің түбінде жатқан» қазақ жалақы төлемейді. Ендеше тасада тұрып «тісін шұқыған» қазақ пен оппозицияның арасында жасалған еңбек шарты болмаса, ол қазақтың оппозицияға одыраңдауға қақысы бар ма?

(Осыған дау айтар «тіс шұқығыштар» шыға қалса, жалғасын жаза жатармын).

Ермұрат Бапи

«Фейсбук» парақшасынан 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 967
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 829
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 634
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 696