Сенбі, 4 Мамыр 2024
46 - сөз 3972 0 пікір 21 Қазан, 2015 сағат 11:02

АДАМДАРДЫ ТЕК ҚАНА ОНЛАЙНДА КӨРГІМ КЕЛЕДІ

Достоевский және Толстой... Бір заманда туған, бір елде тұрған ғұламалар... Ағылшын романисті Сноу "бүгінгі мықтымын деп жүрген әдебиетшілер қос алыптың аяғын сүртуге жарамайды" деп баға берген болатын кезінде...
Сол Сноу айтқандай, классикалық туындылары әлі де талайды мың орайтын қос тарлан бірін-бірі мойындаған, құрмет тұтқан, жақсы көрген, қоғам мен әдебиет төңірегінде қызу пікір таластырған, тіпті керек кезінде бірін-бірі сынап та жіберген... Бірақ, тек қана қағаз жүзінде... Хат арқылы ғана... Талай рет кездесудің сәті түсті... Бір қалада жүрді... Бірақ, екеуі де жүздесуден қашқақтады, емен-жарқын әңгіме-дүкен құруға жүректері дауаламады... Ақыры кездеспей кетті... Бәлкім, екеуара сыйластық пен асқан құрметтің биік деңгейінде сақталып қалғандығы оффлайн-кездесудің болмауында шығар... Сосын әрине, екі алыптың діни көзқарастары сәйкес келмеді ғой... Орыс әдебиетінің қос патриархы бұл мәселеде екітүрлі таным ұстанғандықтан, келіспей қалармыз деп қорыққан болар. Мүмкін бір-бірінің кей жағымсыз қылықтарын байқап қалып, айнып, достығымызға сызат түсер деп жүрексінген болар... Менің ойымша, сол кездеспеуден екеу ұтылған жоқ секілді. Бір-біріне деген аяулы қарым-қатынасты осылайша қадірлей білгендіктен, екі алып бірінің алдында бірі құламай, биік тұғырында мызғымастай боп кетті... 
Айтпағым, осында отырған кейбір інілерім бар...Болашағынан үміт күтем... Кейде саяси көзқарастарымыз келіспей жатады... Атымызды атамай, түсімізді түстемей сынап жіберіп жатамыз, соны реніш тұтпай, зіл қумай, кей бөлек мәселеде лайктатып отырамыз... Бір-бірімізге ештеңе жазбаймыз, айтпаймыз, әркім өз пікірінде қалады, бірақ іштей ұғыныса қоямыз... Ал арпылдаған тағы біреулер бар... Бірдеңе дей қойсаң бітті, нөмірі бірінші жауына айналасың, қағытып, тілімен қажап, өзімен-өзі өлермен боп отырғаны сол... Көрген кезде қағып өтетінін қайтерсіз!!! Тура осындай сәтте, әлгі екі мықтының ғұмырлық сыйластығын сақтап қалған "письменный достық" еске түседі екен... Иә-иә... Кей адамдарды тек қана онлайнда көргім келеді... Оффлайнда өкініп қалмас үшін...

Дина Төлекова

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1012
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 879
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 659
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 740