Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3780 0 пікір 23 Қазан, 2015 сағат 11:12

ADAM BOL-ДЫ ЖАПТЫ

Алматы қаласы Медеу аудандық соты ADAM журналын жабу туралы прокуратура шағымын толық қанағаттандырды. Судья Тимур Жұмамұратов осыған дейін жабылған ADAM bol журналы мен қазіргі ADAM басылымын және оның Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасын "тұтас БАҚ" деп таныған.

Сот шешімімен ADAM журналымен қоса оның Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасын да жабу туралы шешім шығарған. Сот ADAM журналына ақпарат комитеті берген куәлігінің де күшін жойды.

ADAM журналы сот шешімімен жабылған ADAM bol журналының жалғасы ретінде шыққан. Тамызда Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ADAM журналының шығуын үш айға тоқтату және журналға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеу туралы шешім шығарған. Журналға "Тіл туралы" заңды бұзды" деген айып тағылған еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 905
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 758
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 589
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 595