Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
46 - сөз 5915 0 пікір 16 Қараша, 2015 сағат 15:41

ЕР МІНЕЗДІ АҒАЛАР

Бүгін ҚР Ішкі істер вице-министрі, полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғынбаевтың қабылдауында болдым. Ерлан Заманбекұлына жол сілтеп, қабылдауға кіруіме мұрындық болған ҚР Парламенті Аппараты төрағасының орынбасары Сабыр аға Қасымов.
Ішкі істер вице-министріне бірінші кезекте Мәжілістегі Жұмыс тобына келіп, Көші-қон Заңындағы «Соттылыққа» байланысты АНЫҚТАМА туралы ҚХР-ның еліміздегі Елшілігіне хат жазып, жауап алған жауаптылығы үшін рахметімізді айттық.
Сонымен бірге, жақындағы жаңалық - ҚХР ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІК ТАРАУЛАРЫ ЖАҒЫНАН БЕРІЛМЕЙТІН 18 ТҮРЛІ АНЫҚТАМА туралы түсінік жасадық әрі сол құжаттың түп нұсқасы мен бізге қатысты 14-бабының аудармасын қосып апарып, қолына ұстаттық.

Сосын, тағы бір маңызды мәселе, жаңа Көші-қон заңы қолданысқа енсе, бұрын көшіп келіп алған, бірақ ескі қатал заңның кесірінен тұрақты тіркеуге тұра алмай визасының мерзімі өтіп кеткен неше мыңдаған қандастарымыздың қиын тағдырын да есіне салдық. Вице-министрден осы мәселенің кешіріммен, түсіністікпен шешілуіне ықпал етуін өтіндік.

Соңғы өтініш, Көші-қон полицсиясы басқармаларының басшылары туралы. Өте - мөте қандастарымызды қоныстандыру мақсатында Үкімет айқындаған өңірлердің басшылары міндетті түрде мемлекеттік тілді жеттік білетін, ұлтына жаны ашитын, тәжірибелі тұлғалардан болса екен деген талап арызымызды да алдына қойдық. Және, Ел ордасы Астана мен қандастарымыз жиі қоныстанатын бір-екі облыстың басқарма басшылары да осы талапқа сай азаматтардан болса екен деген қандастар тілегін де жеткіздік.

Жалпы, Ерлан Заманбекұлы нағыз істің адамы. Айтқанын орындай білетін, кескін жігіт!
Ерекең 2001 жылы қызметтік сапармен Үрімжіге барғанын, ондағы қазақтың марғасқа тұлғасы Жәкеңнің – Жәнәбіл аға Сымақұлұлының «Елден келген бауырым!»- деп, дастарқанға ДӘМГЕ шақырғанын айтып, шеттегі қандастарымызға өз тарапынан дән риза екенін әңгімелеп берді. Жұмыс болса, төте айтуымызды өтінді.

Иә, бізге осы Ерекең секілді Ер мінезді ағалар ұнайды. Бұл кісіні жақсының тұқымы деп, Сабыр аға Ахметжанұлы аузынан тастамай мақтап жүреді.

Ерлан Заманбекұлына амандық, саулық, табыс тілейміз!

Ақын 
Ауыт Мұқибек

Facebook-тегі парақшасынан

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1641
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1570
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1309
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1260