Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Мәйекті 4590 0 пікір 20 Қараша, 2015 сағат 23:00

АСТАНАДА ЛАНКЕСТІК ОҚИҒА БОЛА ЖАЗДАҒАНЫ РАС ПА?

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Елордада терракті жасамақ болған лаңкетік ұйымның құрықталғанын хабарлаған еді. Бұл ақпаратты Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков мырза растады. Бұл туралы nur.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Тероризммен күрес бүгінгі күннің басты мәселесіне айналып отырғаны жаcырын емес. Мысалы, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана қаласында терракті жасамақ болған лаңкестік топты құрықтағаны рас. Кеше Астана қалалық антитеррористік комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда мен лаңкестіктің алдын алу үшін барлық шараларды қолдануға тапсырма бердім. Десе де, мұндай жағдайда халықтың, астаналықтардың да көмегі өте маңызды екенін ескергеніміз жөн. Сондықтан, терроризммен күресу үшін жұрт болып жұмылуымыз керек», – дейді бас қаланың тізгіншісі Әділбек Жақыбеков.

Әділбек мырза соңғы уақыттары мемлекет аумағында діни ағымдардың насихаты дендеп бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп, терроризмнің алдын алу үшін барлық профилактикалық жұмыстарды жүргізуді тапсырған.

Сонымен қатар, астаналық прокурорлар да қаладағы барлық ірі сауда, ойын-сауық орталықтарында полиция бекеттерінінің санын арттырып, қоғамдық бақылау шаралары мен тексерістерді күшейту керек дейді.

«Астаналық прокуратура қаладағы ірі сауда, ойын-сауық орталықтарында, базарлар мен қоғамдық орындарда стационарлы полиция бекеттерінің санын көбейту керек. Бұл полиция қызметкерлерінің жеделдігін арттыруға, болуы ықтимал қылмыстың алдын алуға мүмкіндік береді», – дейді Астана қалалық прокуратурасы басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов.

Айта кетейік, қазақстандық құқық қорғау органдары  терроризммен күресуді жүйелі жүргізгенімен, еліміздегі әлеуметтік желілерде «жиһадқа үндейтін» интернет бірлестіктер саны күн санап көбеюде. Бұл туралы total.kz жазған болатын.

Мысалы,  2014  жылы интернет желілерінде 432  жиһадқа үндеуші топтар мен бірлестіктер анықталса, биылғы жылы бұл көрсеткіш  алты есеге артқан. Ал антитеррористік орталық басшысы Жанат Сайполдаевтың айтуынша, әлеуметтік желілерде мұндай топтарға тосқауылдар қоюмен ғана шектелмей, жастар арасында түсіндіру, оқыту шараларын да қолға алу керек.

Әлеуметтік сауалнамалар қорытындысы көрсеткендей, діни ағымдарды насихаттайтын әлеуметтік желілердегі топтарға 15 пен 29 жас аралығындағы жастарда  тәуелділік басым.   

«Біздің зерттеулеріміз көрсетіп отырғандай, экстримизм үшін тұтқындалған қазақстандықтар мұндай топтар негізінен интернет арқылы үндеулер жасайтынын растаған. Әсіресе діни сауаты мен патриоттық сезімі төмен, өмірлік тәжірбиесі жоқ,  экономикалық проблемалары бар, қалтасы тесік,  әр нәрсеге иілгіш келетін  жастар көптеп қызығушылық танытады. Осылайша, діни ағымдар өз идеологияларымен жастардың санасын оп-оңай улап жатыр. Интернеттегі діни ағымдардың, секталар мен  ұйымдардың шармауына әсіресе студент жастар көптеп кіріп отыр. Себебі түсінікті. Қаржылық қиындыққа тап болған жастар көмекке мұқтаж болып келеді. Ал бүгінгі күннің басты мәселесі терроризммен, экстремизмен, діни радикалды ұйымдардың насихатына қарсы  күрес.  Бүгінгі таңда құқық қорғаушылар тиісті шараларды қолданып жатыр дегенімізбен әлеуметтік желілерге тоқауыл қойылмай мәселе шешілмейтіні рас. Мысалы, шетелдік интернет сервистер: Twitter, YouTube, Facebook пен әлеуметтік желілер – WhatsApp, Mail.ru, Агент т.б. арқылы да үгіт насихат жүргізілуде», – дейді Жанат Сайполдаев.

Ал ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері басқармасының ресми ақпараттарына сүйенсек, Қазақстанда 3586 діни бірлестік тіркелген. Соның ішінде, 2488 ұйым ислами бағытта үгіт насихат жасауда. Ал православтік 326 бірлестік жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.  Бұлардан өзге, інжілдік христиан-баптистер, католиктіктер, Иегова куәгерлері, пресвитериандық шіркеуі, жетінші күн адвентистері, інжілдік-лютеран шіркеуі, Иса Мәсіхтің соңғы қасиетті күндері (мормондар) шіркеуі, кришнаиттер, бахаи, иудаизм, буддизм т.б. түрлі сенімдер Қазақстан территориясында таратуға рұқсат етілген екен.

Түйін: Еліміз шын мәнінде әлемдегі дәстүрлі емес дін­дер­дің орталығына айналғандай. Басқаны қо­йып, исламның өз ішіндегілер де қырық тар­маққа бөлінуде.

Мұсылмандықты шо­лақ балақ, қаба сақал, кебінге оранып жүру деп ұғатындар «Ахмадие жамағаты», «Алля-Аят» (Фархатшылар) культтік-мис­ти­калық діни ағымы, «Ата жолы» («Ақ жол»), тахриршілдер, таблиғшылар, са­ла­филер, такпиршілер, кораниттер болып көптеген тармақтарға бөлінуде. Ал осынау негізгі мақсаты белгісіз діни ағымдардың әрқайсысының етегінде бір-бір қандасымыз кеткен күннің өзінде ұлт қауіпсіздігіне қаншалықты қауіп төнетінін бағамдай беріңіз. Тіпті бүгінде мамандар көпұлттылықтан гөрі, көпдінділіктің зардабы ауыр екендігін жа­рыса айтып жүрсе де көпдінділіктің алдын алу мақсатында атқарылып жатқан шара­лар жоқтың қасы. Рас, осындай «бомбаның» көзі дер кезінде жойылмаса, Қазақстанның Астанасы Францияның Парижі секілді сорлап қалары анық.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2041
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2474
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2054
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1595