Жұма, 3 Мамыр 2024
Билік 5456 0 пікір 21 Қараша, 2015 сағат 03:00

АҚПАРАТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН - АҚПАРАТТАР ЗАМАНЫНДА

 

Цифрлық білім ресурстарын қалыптастырудың кейбір мәселелері

Ақпараттық технологиялар заманы болып табылатын ХХІ ғасырда қандай да болмасын мемлекеттің дамуында адам өмірінің барлық салаларын ақпараттандыру, жалпы ақпараттық қоғамға көшу мәселесі  айқын басымдылыққа ие екені белгілі. Ақпаратты қоғамға көшу үшін жағдайлар жасау  мақсатында 2012 жылы қабылданған «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы, ел аумағында жүзеге асырылуы тиіс ақпараттандыру шаралары мен  олардың нәтижелері болып табылатын нақты көрсеткіштерді анықтап берді.

Бұл бағдарламада ақпараттық қоғамды қалыптастырудың басты факторы ретіндегі адами капиталды  дамытуда маңызды орын алатын, білім беру және ғылым саласын ақпараттандыруға байланысты жүзеге асырылуы тиіс нақты көрсеткіштер ретінде  келесілер аталған [1]:

°      электрондық білім беру ресурстарының үлесі 2017 жылы — 60 %, 2020 жылы - 100 %;

°      ғылыми білім берудің бірыңғай ұлттық желісіне қосылған ғылыми білім беру мекемелердің үлесі 2017 жылы - 50 %, 2020 жылы -100 %;

°       ерекше қажеттіліктері бар (инклюзивті білім беру) балалар үшін АКТ көмегімен сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету 2017 жылы - 30 %,  2020 жылы - 50 %;

°      мектептер мен ТжКБ үшін ашық қолжетімділіктегі электрондық контенттің көлемі 2017 жылы - 60 %, 2020 жылы - 90 %;

°      ғылыми және ғылыми-техникалық электрондық мерзімді басылымдардың саны 2017 жылы - 2, 2020 жылы — 4.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған көрсеткіштерге жету мақсатында жасалып жатырған ауқымды іс-шаралар барысында шешілуі тиіс көптеген мәселелердің бар екені де белгілі болып жатыр, солардың бірі –сапалы электрондық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету мәселесі.

  Бұл бағыттағы алғашқы нәтижелердің бірі ретінде қазақстандық  «e-learning»  электрондық оқыту жүйесін айтуға болады [2]. Бұл білім порталының мәліметтеріне қарағанда, оның «Е-кітапхана» деп аталатын бөлімінде 7 511 жуық цифрлық білім ресурстары жинақталған және де оның біраз бөлігі 75 % (жуығы) жалпы білім беретін мектептерге арналған. Қазақстандық цифрлық білім ресурстарын қалыптастыруда ҚР білім және ғылым министрлігінің білім беруді ақпараттандыру саласындағы операторы Ұлттық ақпараттандыру орталығында жүргізіліп жатырған жұмыстардың біршама нәтижелер бере бастағанын айтып кетуге болады [3].

Цифрлық білім ресурстарын қалыптастыру- электрондық оқыту жүйесінде ең маңызды орын алатын және жан-жақты, жүйелі қарастыруды қажет ететін мәселе екені де белгілі болып отыр. Осыған байланысты, цифрлық білім ресурстарын қалыптастыруға қатысты  мәселелерді жүйелеп бірнеше бағытта қарастыру қажеттілігі туындайды, мысалы:

°      Құқықтық қамсыздандыру мәселелері;

°      Технологиялық қамсыздандыру мәселелері;

°      Мазмұндық қамсыздандыру мәселелері;

°      Әдістемелік қамсыздандыру мәселелері;

°      Кадрлық қамсыздандыру мәселелері.

Бір айта кетерлігі, бұл мәселелерді шешумен сол аталған салалардың өкілдері айналысқанда ғана жақсы нәтижелерге жетуге болады.

Тағы бір назар аударылатын нәрсе, цифрлық білім ресурстарын қолданатын аудиторияның: мұғалімдердің, оқушылардың, ата-аналардың, басқарушы- үйлестіруші органдардың, ғылыми-педагогикалық сала өкілдерінің талап-тілектері, жалпы  қоғамдық пікір үнемі зерттеліп, қажет болған жағдайларда ескеріліп отыруы қажет. Мұндай жан-жақты байланыстың цифрлық білім ресурстарын жетілдіріп отыруда тигізетін пайдасы зор болмақ.

Қазіргі жағдайдағы бір ғана электрондық оқулықтар түріндегі ресурстар  цифрлық білім ресурстарына деген қажеттілікті қамтамасыз ете алмайды, яғни цифрлық білім ресурстарының басқа да түрлерін дамытуға баса назар аударылуы қажет.

Цифрлық білім ресурстарының мазмұны туралы мәселе де жан-жақты қарастыруды қажет етеді. Жалпы оқыту процесінде цифрлық білім ресурстарын қолданудағы басты мақсаттың бірі - білім мазмұнының жаңарып, заман талабына сәйкес жаңалықтармен, өзгерістермен толығып отыруын қолдау.  Ақпараттық технологиялар заманындағы  цифрлық білім ресурстарының қызметі оқулықта келтірілген материалдарды  цифрлық түрде қайталаумен ғана шектелмейді, ол мазмұны жағынан да жаңа, өзгеше болғанда ғана өз қолданушыларын қызықтырып, өз мағынасында қызмет атқара алады.

 

Пайдаланылған электрондық ресурстар:

  1. «Ақпаратты Қазақстан - 2020» Мемлекеттік бағдарламасы. ҚР Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығы  (http://egov.kz)
  2.  «e-learning»  электрондық оқыту жүйесі ( http://e.edu.kz)
  3. «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ- ның сайты (http://nci.kz)

Мукашева М. У.п.ғ.к., доцент

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 813
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 646
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 510
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 526