Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3510 0 пікір 23 Қараша, 2015 сағат 08:49

BOEING ҰШАҒЫ АПАТТЫ ЖАҒДАЙДА ҚОНДЫ

 

Бүгін Қырғызстанның Ош қаласында әуежайға апатты жағдайда қонған осы елдің «Авиа Траффик» әуе компаниясының Boeing ұшағы ұшу алаңынан шығып кеткен. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Қырғызстан төтенше жағдайлар қызметі апатты жағдайда қонған ұшақтан ауруханаға жеткізілген әйелдің басынан болмашы жарақат алғаны, қазір ол өзін жақсы сезінетіні туралы хабарлады. Ұшақтың дөңгелектері мен сол жақ қанатына зақым келгені айтылады.

Ұшақта болған 148 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі түгел борттан шығарылған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Ресейдің Красноярск қаласынан алғаш рет ұшып келген ұшақ ауа райы қолайсыз болуы себепті ұшу кестесінде көрсетілген уақытта Ошқа қона алмай, Бішкектің қосалқы әуежайына қонуға мәжбүр болған. Ошта күн ашылған соң, «Манас» әуежайынан ұшып шыққан ұшақ жексенбіде жергілікті уақытпен сағат 7:43 кезінде Ош әуежайына жеткен.

Төтенше оқиға болған жерде әуежайдың құтқару қызметі, төтенше жағдайлар министрлігі мен милиция өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Ош әуежайының анықтама қызметі қалың тұманға байланысты әуежай жабылып, барлық әуе рейстері кейінге қалдырылғанын хабарлаған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2040
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2471
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2054
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1595