Жұма, 3 Мамыр 2024
Мәйекті 7353 0 пікір 1 Желтоқсан, 2015 сағат 18:47

ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНДЕ ШЫРША ОРНАТУДЫҢ АСТАРЫНДА НЕ БАР?

Тұңғыш Президент күнінде Елордамыз Астана мен Алматы қаласында жаңажылдық шыршалар жағылды, - деп хабарлайды «Абай» порталы.

Биыл еліміздің бас партиясы "Нұр Отанның" белсенділері Тәуелсіздік күніне дейін шырша орнатпау жөнінде бастама көтеріп, шапқылаған болатын. Олар желтоқсан айы келмей жатып, орыстың жаңа жылына шабылатын шенділерді  мінеп, Тұңғыш Президент күні мен Тәуеліздік мерекесіне құрмет көрсетпейтіндерді тезге салмақ болды.

Бірақ, амал не? Бірінші желтоқсан есігімізден сығалай сала Астана мен Алматы қалалары жаңа жылдық шыршаларды жарқ еткізді. Олар бұл іспен нені дәлелдегісі келеді? Тәуелсіздік мейрамын пысқырмайды-мыс, ең құрығанда Тұңғыш Президент күні мерекесі өткенше сабыр сақтауға болмас па еді? Басқа күні емес, дәл осы күні шырша орнатудың астарында не жатыр? 

Менің түсінбейтін бір нәрсем бар... Біздің әкімдер неге шырша жарығын жағуға құмар? Олар қақаған қаңтардың, яғни келер жылдың келе жатқанын ай бұрын "сүйіншілемесе" ол мейрам келмей қоя ма екен? Миллиондарға бағаланатын сол шыршаға кететін қаржыны басқа мақсаттарға, игілікті істерге жұмсасақ болмас па еді?

Алып қалалар мен облыс орталықтарындағы шыршалардың орташа құны 40 миллионға бағаланады екен. Сол 40 миллиондық шырша орнататын  14 облыс пен екі ірі қаламыз шамамен 640 миллион теңгені (ұсақ қалалар мен аудан орталықтарын есептемегенде) желге ұшырады деген сөз. 

Біз желге ұшқан ол ақшаны жоқтап отырған жоқпыз. Тек өзге аймақтар Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік мерекесін құрметтеуді Астана мен Алматы әкімдерінен үйренетінін айтқымыз келеді.

"Балық басынан шіриді" деген сөз бар. "Басымыздың" сиқы мынау болса, жетіскен екенбіз...

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 978
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 843
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 640
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 705