Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3669 0 пікір 20 Шілде, 2015 сағат 14:20

КУБА МЕН АҚШ ТАТУЛАСЫП ЖАТЫР

Гавана мен Вашингтонда бүгін, 20 шілдеде елу жылдан бері бірінші рет АҚШ пен Кубаның елшілігі ашылды. Бұл туралы BBC жазды.

Екі ел арасындағы саяси қарым-қатынас 1961 жылы салқындаған. Салдарынан АҚШ Кубамен арадағы сауда әріптестікке эмбарго қойған.

1977 жылы АҚШ пен Кубада дипломатиялық миссия өкілдері жұмыс істеген. «Мүдде миссиясы» аталған бұл дипломатиялық қадам Швейцарияның қорғауында болған. Алайда, екі елде елшілік мәртебесіне қол жеткізе алмаған.

2014 жылдың соңына қарай Солтүстік Америкалық екі ел арасында дипломатиялық жақындық қалыптаса бастады.

Биылғы жылдың сәуірінде АҚШ президенті Кубаны терроризмді қолдаушы елдер қатарынан шығаруға шешім қабылдады.

Өз кезегінде Кубаның Мемлекеттік Кеңес басшысы Рауль Кастро екі ел арасындағы дипломатиялық достықты толықтай қалпына келтіру үшін АҚШ-тан эмбаргоны толықтай алып тастауды талап еткен.

 

Абай-ақпарат 

 

0 пікір