Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2724 0 пікір 25 Мамыр, 2010 сағат 05:24

Альянс банк басқармасының бұрынғы төрағасы қамаудан босатылды

Алматы. 25 мамыр. ҚазТАГ - «Альянс банк» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Жомарт Ертаев жексенбі күні тергеу оқшаулағышынан босатылды, деп жазады «Время» газеті адвокат Тагира Сисинбаевқа сілтеме жасап.

Басылымның мәліметіне сәйкес, жақында тергеу Ж. Ертаевқа ҚР ҚК 176 бабы «біреудің сеніп тапсырған мүлкін талан-таражға салу немесе өзінің немесе үшінші тұлғалардың пайдасына иемдену арқылы жымқыру» бойынша тағылған айыптарынан бас тартты. Банкирге бұдан жеңілдеу қылмыстар тағылып отыр, олар: «бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңды бұзу (ҚР ҚК 218 б.) және «банктің қаржысын заңсыз пайдалану» (ҚР ҚК 220 б.), бұл прокуратураға соттан оған қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуді талап етуге негіз берді.

Бұрын хабарланғандай, 2009 жылдың тамызында қаржы полициясының қызметкерлері $1,1 млрд көлеміндегі қаржыны жымқыру фактісі бойынша «Альянс банк» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Ж. Ертаевты қамауға алған болатын. Тергеу болжамдарына сәйкес, Ж. Ертаев оффшорлық компанияларға $917,38 млн соманың несиелік қаржысын берген. Осыдан кейін заемшылардың несиелерді өтеу бойынша міндеттерді орындамауы салдарынан олардың дисконттық облигацияларының құны 1,1 млрд. АҚШ долларына дейін өсіп, кейін банктің есебінен кредиторлардың пайдасына шығарылған. Бұл операциялар банктің бухгалтерлік есебінен көрініс таппаған. Альянс банк басқарма төрағасының орынбасары Алексей Агеев іске куәгер ретінде қатыстырылып отыр.

Еуразиялық банк құқық қорғау органдарының Ж. Ертаевтың қызмиетін тергеуге еш қатысы жоқтығын мәлімдеді.

Ж. Ертаев 2008 жылдың сәуірінен бастап Еуразиялық банктің басқарма төрағасы болып қызмет етті. Өткен жылдың 8 шілдесінде оның орнына К.Бекетов келді. Ж. Ертаев Еуразиялық банктегі қызметіне дейін 2002 жылдан 2007 жылдың қаңтарына дейін Альянс банк басқармасының төрағасы болған. Осы жылдары оның орынбасары қызметін  А.Агеев атқарған.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 861
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 716
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 554
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 559