Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2731 0 пікір 25 Мамыр, 2010 сағат 05:21

Отанына оралуды оралмандар бизнеске айналдырып алды

Былтыр құс қайтып жатқан қоңыр күзде «журналистердің жүйкесі тозған» деп мәлімдеме жасаған мәжіліс депутаты Владимир Нехорошев (суретте) енді Отанына оралып жатқан қазақтар туралы тағы бір қыңыр сөздің шетін шығарып қойды.

Кешегі мәжіліс сағатында ол статистика жөніндегі Агенттіктің төрағасы Әлихан Смайыловқа қарап:
- Мынандай бір дерек бар, елімізге мыңнан аса оралман келіп қоныстаныпты-мыс, бірақ өздері бұл жерде тұрмайды. Кейбір оралмандар Қазақстаннан өзіне қажеттісін сыпырып-сиырып алады да туып өскен жеріне қайтадан тайып тұрады. Қықасы, оралмандар Отанға оралуды бизнес көзіне айналдырып алды, - деді.  Сосын ентігін баса алмай екпіндей түсіп:
- Бірде бір мемлекеттік орган осы оралмандардың саны қанша, олар тұрақтап қалды ма, деп есеп жүргізіп тексермейді. Сіздің статистикаңыз бойынша олар - Қазақстан азаматтары болып есептеледі. Солай емес пе?! - деп Смайыловқа және шақшиды.

Өз кезегінде сөз алған Смайылов сипақтай сөйлеп, «бұл айтып отырғаныңыз бізге жаңалық емес» деп жақауратты.

Статистика Агенттігнің былтырғы халық санағын жүргізгендегі есебіне  сүйенсек, 315 мың оралман отбасы Атажұртында тұрып өмір сүруде. Рас, қыр асып келген қазақтардың арасында біздің өкіметтің қағазбастылығынан болып азаматтығын ала алмай жүргендер жетіп артылады. Сондай кедергілердің, күйдіргі жайтардың бірін де есепке қоспастан депутат Нехорошев «Отанына оралуды оралмандар бизнеске айналдырып алды» деп бір-ақ кесті.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 881
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 742
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 573
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 579