Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4792 0 пікір 3 Тамыз, 2015 сағат 09:00

АЛДАҒЫ 5 ЖЫЛДА ЕЛІМІЗДЕГІ БАРЛЫҚ ПОЙЫЗ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Екі жарым жыл ішінде Қазақстанда  1250 шақырымдай темір жол салынған. Оның ішінде «Жезқазған-Бейнеу», «Арқалық-Шұбаркөл» желісі бар. Айналма жолдар мен іркіліс бұрылыстар артта қалып, елдің оңтүстігі мен солтүстігі, батысы мен шығысының арасы бірталай жақындай түсті. Қазақстан темір жолшылары жолаушы тасымалына да жауаппен қарайды. Алдағы 5 жылда ескі-құсқы поездардың барлығы дерлік жаңартылмақ. Бұл туралы Хабар арнасы хабарлайды.

“Бұрын Алматыға қатынайтын ел-жұрт Ресей елінің шекарасы арқылы екі тәуліктен астам жолда жүрсе, бүгінде 15-16 сағатта оңтүстік астанаға жетеді”, – дейді «Досжан темір жолы» АҚ Басқарма төрағасы  Мұрат Қоқаев.

Сондай-ақ билет бағалары да арзандап, жеңілдіктер жасалмақ.

“Неғұрлым жолаушы ерте сатып алса, билетті 35 пайызға дейін жеңілдікті пайдалануға болады. Одан бөлек, бізде бірнеше жеңілдікті карточкалар бар. 16-25 ке дейінгі жастарға 10 пайыз жеңілдік болса биылғы 1 тамыздан бастап 30 пайызға көтерілді”, – дейді «Қазақстан Темір жолы ҰК» Жолаушылар тасымалы» АҚ бөлім басшысы Әубәкір Смайылов. Сонымен қатар ол зейнеткерлерге де жеңілдіктер жасалатынын айтып, елімізде 12 жүрдек пойыз жүретінін хабарлады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 729
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 546
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 453
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 467