Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3989 0 пікір 5 Тамыз, 2015 сағат 09:34

ҚЫРҒЫЗДЫҢ ЕАЭО-ҒА ҚОСЫЛУЫН РАТИФИКАЦИЯЛАДЫҚ

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) өтуі туралы келісімнің ратификациясына қол қойды, - деп хабарлайды Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған tengrinews.kz

Қазақстан Қырғызстанның ЕАЭО құрамына кіру туралы келісімшартты ратифициялаған соңғы мемлекет. Бұған дейін бұл құжатты Армения, Беларус және Ресей ратификациялады.

Қырғызстан экономика министрі Олег Панкратовтың айтуынша, ЕАЭО-ның комиссиясы Қазақстаннан Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруін ратификациялайтын барлық құжаттарды алғаннан кейін ғана шекараның ашылатынын айтты. Оның айтуынша, құжаттар Астанадан Мәскеуге елшілік поштасы арқылы жіберіледі. "Меніңше, Еуразиялық комиссия оны екі-үш күн шамасында алады", - деді министр.

Айта кетсек,  8 мамырда Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одақ құрамына кірді. Сәйкес құжатқа одаққа мүше елдердің басшылары қол қойды.

Абай-ақпарат

0 пікір