Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4430 0 пікір 21 Тамыз, 2015 сағат 11:18

ВАЛЮТАСЫ ДЕВАЛЬВАЦИЯҒА ҰШЫРАҒАН ЕЛДЕР

Қазақстан өз валютасын әлсіретуге тура келген жалғыз мемлекет емес деп хабарлайды NUR.KZ.

Доллар құны 182,35 теңге болған жыл басымен салыстыратын болсақ, отандық валюта 39,9%-ға құнсызданды.

Қаржыгер Айдархан Құсайыновтың мәліметтеріне сүйенсек, ағымдағы жылда өз валютасын кемінде 10%-ға девальвацияға ұшыратқан елдер арасында дамыған мемлекеттер де бар.

– Норвегиялық крона жыл ішінде 32,9%-ға түскен;

– Канадалық доллар – 19,9%;

– Австралиялық доллар – 26,2%;

– Еуро – 20,0%;

– Белоруссиялық рубль – 54%;

– Әзірбайжандық манат – 40%;

– Грузиндік лари – 35,3%;

– Қытайлық юань – 4,2%;

– Оңтүстіккореялық вона – 16,2%;

– Жапондық иена – 21,0%;

– Сингапурлық доллар – 12%;

– Түркиялық лира – 32%;

– Малайзиялық ринггит – 32,3%;

Әлемнің жетекші валюталарының долларға шаққандағы құны жалпы алғанда 15%-ға түскен.

ВТБ 24 инвестициялық департаментінің бас сарапшысы Станислав Клещев теңгенің құлдырауы белоруссиялық рубль және украиналық гривнамен бірдей деңгейге жеткенін айтуда. Аталмыш валюталар жыл басынан бері девальвация мөлшері тұрғысынан топ жарған болатын деп жазады РБК.

 «Қазақстан Халық банкі бәсекелестіктің басым бөлшегінен айырылғанына байланысты бұл қадамға барды. Ресей Қазақстанның саудадағы негізгі әріптесі болғандықтан, шикізат тауарларына бағаның түсуі аясында рубльдің әлсіреуі Қазақстанға да әсер етті. Жақында қытайлық юаньнің әлсіреуі қосышма фактор болуы мүмкін», – деп жазды өз шолуында Sberbank CIB сарапшысы Том Левинсон.

Айта кетсек, Қазақстан ТМД елдері арасында девальвация жарысына соңғы болып қосылды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 695
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 498
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 424
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 435