Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4915 0 пікір 3 Қыркүйек, 2015 сағат 16:58

ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ОРТАҚ ВАЛЮТАНЫ ҚОЛДАМАЙДЫ

«Халық банктің» төрайымы Үміт Шаяхметова ортақ валютаға қатысты өз пікірін білдірді, – деп хабарлайды Abai.kz порталы Nur.kz сайтына сілтеме жасап. Үміт Шаяхметова валюталық тәуелсіздігін жоғалтқан ел саяси тәуелсіздігінен де айрылатынын айтқан.  

«Мен бұл мәселеге (ЕАЭО пен ТМД-ға ортақ валюта енгізуге) негативті көзқараспен қараймын. Бұл меніңше әріптестік, достық қадам емес, егер дұрыс жол болса,  бәріміз бірлесе ортақ шешімге келу үшін алдымен бұл жағдаятты талқылауға салып, бір-бірімізбен түсінісіп алуымыз қажет еді. Менің ойымша, экономикалық тұрғыда валюталық тәуелсіздігінен айрылған елдің саяси тұрғыда да тәуелсіздігі болмайды», - деді банк төрайымы.

Естеріңізде болса, кеше РФ Президенті В. Путин Мемлекеттік Думаға Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларуссия және Ресей елдерінің арасындағы қаржылық нарық айналымында жүруі тиіс ортақ валюта туралы заңның жобасын ұсынған еді. Ортақ валюта ЕАЭО-ға мүше елдер арасында ғана емес, жалпы ТМД елдеріне ортақ ақшаның жобасы болатыны айтылған-ды (http://abai.kz/post/view?id=4536). 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 601
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 350
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 349
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 356