Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 4694 0 пікір 3 Қыркүйек, 2015 сағат 17:32

БАНАННАН "ҚОРЫҚҚАН" – МАЙМЫЛМЫЗ...

Ертеде эксперимент жасалыпты. Бес маймылды торға қамап, жоғарғы жағына банан іліп қойыпты. Маймылдар бананға ұмтылған сайын үстінен мұздай су құяды екен.

Теперіш көре берген соң маймылдар банан аңсауын қойыпты. Енді ғалымдар бес маймылды бір-бірлеп жаңа маймылға ауыстырып отырыпты. Жаңадан келген маймыл бананға ұмтылса суық судан зəтті болған қалған маймылдар оны өлтіріп тұрып сабайды екен. Сөйтiп бес маймыл да басқа маймылдарға кезекпен орын босатыпты. Торда суық су азабын тартқан бірде-бір маймыл қалған жоқ. Енді қызығы жаңа бес маймыл да бананға ұмтылған маймылды таяқтайды. Осылай жалғаса берген...
Біздің қоғам да осы сияқты. Неше ғасырғы үрей бойымыздан кетер емес. Қоян да қаша-қаша батыр болады деуші еді ғой бабаларымыз. Біз қашан батыр боламыз осы? 

Жанат Жаңқашұлы, facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 638
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 407
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 378
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 381