Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Өз сөзім... 10280 0 пікір 24 Қыркүйек, 2014 сағат 12:13

Б. АЙНАБЕКОВ. РАЙЫМБЕК БАБАНЫҢ АЯНЫ

Редакция поштасына жазушы, журналист Бақтыбай Айнабековтан төмендегідей хат келіп түсті. Автордың жазу стиліне құрмет етіп, хатты қаз-қалпында оқырманның ой-талқысына ұсынып отырмыз.

Abai.kz

 

Рухтың сөзін тыңдау, олармен сөйлесу - бұл бүкіл әлемде ілімдарлар мойындаған тіршілік. Кезінде Республика ғылым академиясының академиктері М.Әлиев пен С.Балмұқановқа осы бір тылсым әлемді мойындатып, оларды сол кездегі Премьер-министр Ұ.Қарамановқа кіргізіп, қазіргі, 1990 жылы 19 маусымнан жұмыс жасап тұрған, Республикалық Халықтық емдеу орталығының ашылуына дәнекер болған, осы бағытта «Фәлсафә – Алланың аян ілімі», «Еліміздің және Халықтың емдеу орталығының №1 емшісі», «Құпия жан» сияқты  бірнеше кітаптары жарық көрген, соңғы уақытта «Мың бір аян», «Аян Ата сахабаның аяндары» кітаптарын баспаға әзірлеп қойған  мен сияқты маман журналистке бұл жағдай таңсық емес. Таяуда (20.09.2014 ж.) Көкпек сахабаның аян арқылы шақыртуымен Райымбек әулиенің бүгінгі таңдағы ерекше қабылетті ұрпағының бірі Аманат қарындасымызбен  Алматы маңындағы «Райымбек бастауында» болдық. Бастау қақпасында жатқан тас мүрделердің жоғары жағында Алатаудың тасынан өзгелеу жеті ақтасы жан-жаққа шашылыңқырап, қойылған  орыны жермен жексен бола бастаған Көкпек сахаба мүрдесінің орыны бүгінде аяқастылау бола бастапты.   Бастау басында қыстырма сөзіне «Әкеден..» жіберіңкірей сөйлейтін Зина деген аңқылдап қалған шырақшы әйел ұшырасты... Райымбек әулиеден сол өз бастауы басында  естіген аянымды ұсынып отырмын. Ел болар халыққа және оның жанашыр  басылымдары үшін де қажет аян сияқты.

Бақтыбай АЙНАБЕКОВ.

22.09.2014 ж.  

РАЙЫМБЕК ӘУЛИЕ НЕГЕ НАЗАЛАНАДЫ?


-  Ассалаумағалейкум, жұпынылау  мына дүние байқадың ба, құлыным.

 - Солайы солай  болып тұр ғой, баба...

-  Сезімталдық қасиетпен жұмыс жасап жүрсің,  жол бойы байқаған шығарсың, жер баспасаң да машинада отырып аяғың  қақсады, бұл әруақтардың да шаршап-шалдығыуының  белгісі, балам. Дүниені бекініс қып жасап алған мынау тұрған  тау-тастың ортасында айқайлаған, аттанынан от шыққандай жарқыраған киелі жұрттың рухтарын қадағалап, көктен қарап тұрған Алланың нұрына разы болыңдар, балам.

    «Әй, Райымбек, келе жатыр әне, ұрпағың, алдыңа сал. Келсін, келе жатса. Келе алар ма екен... Әлде, «оңға, солға»- деп шайнап аузына салар ма екенсің,  әлде нысана келтірер ме екенсің, әлде бойына дарытар ма екенсің, әлде хабарды алуға дайын ба екен олар, шынайы келсе сынап көрейік...»- деп айтқан көктегі бабалар. Әйтеуір, амалын тауып, баба бастауының жолын тауып келдіңдер-ау мына шырақшының арқасында, құлыным, Алла жар болсын.

   Ей, ұрпағым, баба не айтады сендерге, бар бабаның сөзі бір – «бір жеңнен шығар қолыңды...»-, қарғам. Қақтығыспа жалмауызбен қуланып астыңа түскен, сұмырайланып көзін қысқан, атыңды бекер мақтаған, атың мен затыңды кірлеткен, дұшпаның бүтін отыр сені қоршаған, көздеріңді ашып қараңдар, ұрпақтарым. «Райымбегің бар екен,  Әлмерек әулиең бар екен, ей, олар қандай әулие екен?»- деп алдап әңгіме айтып, артыңнан жымысқылана күлген дұшпанға көзіңді ашып қара, балам. «Бақтан - баб жақсы ма, бабтан - бақ жақсы ма?»- оны бір Алла ғана біледі...

    Сөйлеп алғым келеді, іші бауырымды түгел ақтарғандай, анау тастай қатқан тілеу, мына тастың бәрі бекер жатыр дейсің бе, балам. Сол  бүтін болмыс - сенің ата бабаң. Еріп жатыр, түпсіз кетіп жатыр, сұрақсыз топыраққа өтіп жатыр... Қайда ұрпақтың берері балаға? Атадан қалған сен болсаң, батаға не қалады, балам. Түнек қой мына отырған отырыстарың, қарғам. Сарқырама ағып жатса да, суы ессіз мәңгіріп қалған даладай, малымды бағар жан жоқ. Сырттан әкеп салған, өз қасиетін иіскемей өзге жұртқа бас ұрған, бассыздықтан миллиондаған малдан айырылған, енді соны қайта қалпына келтіремін деп қолындағы қара бақырын санап сорлап қалған ұрпағым-ай... Нағыз берекесін басқа жұртқа тапсырған..., Неге айтпайсыңдар, неге түсіндірмейсіңдер осыны жұртыңа. Жақсыңды өзгеге билетіп - төстетіп алдың, балам. Қарғадай өсіп келе жатқан, кеудесінде түгі жоқ, артыңнан  өсіп келе жатқа ұрпағыңның айтар ештеңесі де жоқ қой. Маған келсе бабам бар деп қана білер, келсе бет сипап апыл-ғұпыл аттап өтер. Ей, соларды сүріндіріп, жығылтып иіскетпейсіңдер ме туған топырақты балам. Олар туған топырақтың исінің қасиетін сезінсін.  Үйрет ана артыңдағы ұрпаққа қарғам. Жарып өттет аруақ, сөзді тіліп тілін салат саған, бекер келді ме көктен айғайлаған, қызыл тілін сайратқан анау  сахаба. Бекер тұр дейсің бе мынау қойнауда басқа да сахабалар, балам. Жеткізер жақсы хабар, берген жақсылығы емес пе құдайдың, Тәңірдің соңғы күні жауатын нұры сенің жерің екенін белгілеген.

   Алдап қойса сарттарым, барыңды төгесіңдер ғой, қарақтарым. Әй, өзгенің кигеніне неге қызықтыңдар, жарығым. Табар  пайдаларыңды өзгеге санатқандарың қалай?  Мола болғаннан кейін қол соза алмай тұрған шығармын өзімнен қалған мына өңірге, өй, сорлы өңкей. Қалмады ғой дұшпаныңның алмаған жерлері. Бұлттай төніп тұрған бір күні шығар мына әруақтар қопарылып, сендер салған зікірмен, Алланың рұқсатымен, балам. Жарып алармыз, тауып алармыз, күнәлісін. Жоярмыз ойпатын, салармыз, Алладан тілерміз,  бәрібір қалыпқа келерміз. Өлгенде бекер өлмеген рух, құдайдан соны сұраған рух, артыма ұрпағымды қалдырдым деп белді байлаған рух,  Аллам берген  аманатын қабыл алған аталарың бекер жатқан жоқ мына кең даланы бақылап, балам. Жасасын жасар жамандығын, тарқатсын қойнауын, бірақ оларды ауыстырып алу түк емес Аллаға, таңға дұға қылса әулие бабалар, көктен келген сахабаларың ауыстырып алар, харамға жібертпес, пайдасын осы халыққа бір күні жеткізер, тек титықтап кетпесеңдер болғаны, балам.

   Біз қол созамыз сендерге, жандарында иман бар. Сендер кімге қол созасыңдар, қарғам. Иманы жоқ анау өсіп жатқан жапырағың балам, әй, бір тойғанына мәз ғой, басын неге бұрмайсыңдар. Қайда ана рухани дәулет кеуде де сайрап жатқан, ол дәулет жарық дүниеде қажет емес пе, ол байлықты біз жаққа алып келме, сол жақта пайдалан, керегі жоқ оның бұл жаққа, балам. Тастап кетіңдер ұрпаққа, қабыл алсын, соның кебінін кисін, сенің балаң.

   Зары көп жеткізер рухтың, құлыным, айтарым көп. Тас сілкінсе екен деймін, балам. «Ей, Райымбек, бер маған»- деп алақанын жайған сорлы өңкей сорбақ құдайдан сұрамаған, Алла аманат етсе  мені саған, мен саған береді деген жоқ, маған кімнен сұрайтынды көрсет деп қана айтқан. Мен Алладан ғана сұра деп көрсетемін. Қолымда ештеңе де жоқ, болса, жояр едім расында да қызыл тілді сайқалды, балам...

  Терең бе сендердің сөздерің мына құдықтай, шығама сылдырлаған бесіктей қасиетті сөз, балам. Айтасыңдар ма қасиетті дүниені балаға, балам. Не зат мына істеп жатқандарың? Қай қараға қарап тұрсыңдар, қарғам. Қайда кетті мына кеуденің тазалығы...

    Әрең жеттіңдер шайқалып, бірің жас, бірің кәрі. Ұрпақтарың сендердің әлсіреген.  Қона алмай кетті ау бүкіл кие - құдайдан ғана рұқсат сұраған. «Қайда мына ұрпақтың нұры, беріп едік қой»- деп айтып жатыр, Аллам. «Кім үшін сұрадың?»- дейді жылап, «Кім үшін қан төктің?»- дейді. «Кімге барып бас ұрасың?»- дейді. «Алла, тағзым етем, жаннатқа бұйырт?»- дедің. «Адамымды қондыр, қолыма қалдыр»- дедің. «Артымдағы ұрпағым жәудіремесін»- дедім. «Дананы бүтін берші аманат етіп дедім. Аз болсам (халқым. Б.А.) да Аллам маған сен дедім. Осыны арқалаған бүтін дұғаға жетші деді сахабам.

    Бастау көзі басында тұрған сахабаның ішінде өз бабаларың жүр емес пе, қарғам. Жеттік қой біз де сол көкке жетер ме екен деп сендер. Отыр ғой көкте рухтар, өз қаныңнан тарқаған. Ауыздарын жаппай олар да сұрап жатыр құдайдан. «Бер бұларға мәрте Аллам, көрінейікші осылар арқылы араларында»- деп айналдырған азғантай қолмен санатын көрсетіп. Халқым, бойларыңа сол санат дарып жетсең ғой сол жаннатқа, соңғы арманымыз сол емес пе біздің, балам.

  Кезінде Аллам айтқан; «Маңдайыңды кең салғын, қарсы шыққанның басын шап, мен жек көргенді сен де жек көр»- деп. Естіп жатырмын, Теріскейден келген хабар айтып жатыр. Пенде емес пе, сол пенде; «ол неге әулие, өлтірді емес пе адамды»- деп. Біліп алыңдар, адам емес менің қолымнан өлгендер, харам жандар. Елімді жоймақ болған жауыздар. Аллаға қарсы шыққандар. Алла сүйген құлға қол көтергенше өлгенім артық емес пе,балам. Жер кезіп жүргенім артық емес пе, құрт-құмырсқа жегенім артық емес пе. Қақталып күнге кеткенім артық емес пе. Өлтіргенше Алланың сүйген құлын, балам. Менің өлтіргендерім Алладан безген сорлылар, елдің қазанын төңкергендер. Алла деп емес «мен!»- деп сөйлегеннің басын шаптым. Әулиенің жолы осы, балам. Бүгінгі келген сендердей хабар жетет қаңсытып, әрқайсысыңнан келіп жатады. «Жететін шығар, жолыңа анау сенің ұрпағың келе жатыр. Таңдап ал, жөнге сал»-деген тылсым. Бұған да шүкір.  Соған орай қимыл жасаймыз.  Сондықтан баба сөзіне ренжімеңдер, қарғам, разымысың.

  Көкпек - көгім, қасиетті бабам, сахаба атанған, біз ұрпағымыз сол кісіден тарқаған. Үйсіннің дәріс-дәруіші атанған. Өз аталарың да сахабалардан. Құдайға шүкір, тәубе деңдер, балам, оңынан орағытып жеткен. Ел бар, ел болған соң іш тарлық жасайтындар болады. Сахаба тек арабтардан ғана шыққан жоқ. Өзімізден де болған, оны біліп жүріңдер, қарғам. Мұны  терең ұғыныңдар. Балам-ау, бабалар  сол кезде естімеді дейсің бе, қойнауында жүріп  қасиетті жердің осындай аян алмады дейсің бе. Ғайыптан болатын пайғамбардың анау Арабтан шығатынын, білмеді дейсің бе, білді ғой рухты  аталарың жеті қат жер көкті аралаған. Мына қасқа жолда алым сатым жасаған, тұз бен матасын араластырған, сөйте жүре білмеді ме екен бабаң, сенің.  Қалдырды емес пе түйе терісіне жазылған хатқа; «Келетін ұрпақ пайғамбардың жанында болсын»- деп тілеулеріңді тілеп дұғасымен. Сол тілеген тілеуімен, бастап жүр емес пе әлі күнге дейін атаның дұғасы сені. Саған қызмет етті емес пе. Алла деп сөйлеген құр қалмас, құлындарым, Қасымда бүгін болғандардың бәрінің сөзін айтып салдым, бәрінен бір-бір сөз алдым, бұйыртсын, дарытсын деп. Екі ортада келіп салған осы бір сендерге сүйіншім, құтты болсын, құлындарым. Разымысың.

   Бастаудан бастаңдар ақ жолды. Мынау тұрған арнадан шығарып салам, қайтыңдар. Аманатымды айтыңдар. Жылап өңірімде жатпасын, мына шырақшым. Әруағың сенің қабыл болған. Бабаларың қоршап тұрған, нұрлана бересің осы арадан. Жүр ғой атаң жаныңда, біліп жүргін, балам. Ең биігі дүниенің қуанысып жатқан рухтар. Келді-ау иесі де даламның. Жатарыңда дуа қылып қайтарып, жүр. Оқып жүр құраныңды бабаңа, балам. Отырады жаныңда, еркем. Ата жұртың маңдайыңды сипап, қарғам. Шыға берсін аузыңнан қыстырма сөзің. Ода тұрған не қарық, құлыным. «Әкесінің» десе әкесі қайда жатыр. Әкелер емес жалғыз тіреп тұрған дүниені, аналар тіреп тұрды емес пе, балам. Анадан әке туды емес пе, балам. Әке емес пе ананың кіндігінен домалап салған, әке емес пе ту көтерген. Ана болмаса қайдан шығады ол әке, балам. Биіктік жолыңнан айырылмағын, жарығым. Ақ батам құлыным, разымысың.           

    «Әруағым дүниенің бәрін айттың»- деме, ей, Бақтыбай балам. Алдыға салып жеткіздің, адасып жүрген мына қарындасыңды, балам. Ойпат сорлы сұр заман, асыл қасиетіміз күйеге жағылып біткенде жоғалттық па (әруақ кемсеңдеп айтты) деп қорқып ек, балам, сүйреп алып шықтың. Ей, қанша дұшпанды да иманға шақырып сүйредің ғой сен, қарғам, Сүйретіп алдың бұл жұлдызды да өзіңді көрсетіп, қалқам. Енді, бір жарқ еткізген соң қайтадан сөндіріп алма. Айтар жолымыз бар, сенеріміз сен ғана, құдайдан сұрап алған, разымысың, балам. Қайсысы келет жалпақтап, қолына пұлын салмасаң. «Сен мықты, сен қасиетті, сен әулиесің»- деп айтпасаң. Қайсысы келет - соның төрінде барып жатпасаң. Арқалап сол емші тәуіп болғанды арқаламасаң, қалтасын, кеңірдегін толтырмасаң. Қайсысы келет рухтың жағдайын білуге, балам. Бізге керегі қазір осы жұлдызымыз жарқыраған. Көктен түсер аянды анық алады. Бәрібір бұған жақыннан – әруақ қана жақын. Тағдыры сол. Разымысың, қарғам.

  Йә, Алла деп сөйлесең Тәңірім әрқайсыңнан бас тарпайды. «Ей, жылама Райымбек жеткіздік ұрпағыңды»- дейді маған Көкпек бабам. Көріп мына ұсқындарыңды разы болдым. Айтарым сол, кей ұрпағым отырады кеп сүмірейіп, екі тізесін құшақтап, ойлар ма екен олар, біз де кейде соларға ұқсап сол қалыпта қалып қалатынымызды. Біз тіріден дұғаға ғана мұқтажбыз, балам. Аллаға жол салар сендер емессіңдер ме. «Бабаның сөзі алтын десең - алтынды неге қолданды?»- деп сұрайсың. «Бабаның жолы алтын десең - жолын қалай қолданды?»- деп сұрайды, балам. «Тәбәрігі тәліп десең - не үшін апарды?»- деп сұрайсың балам. «Есітіп бекер тастады деп қабырғаны қайыстырған» қиыншылықты тоқтатып жатырмыз жоғарыдан жылап сұрап. Азайып жатыр аян берер жұптарымыз, балам. Мына тұрған тастың ішіндегі көз жас, жылаған бүтін рухтың көз жасы, балам. Тамшылап, жиналып жылап тұрады өстіп осылай қашан да, балам. Тоқтамайды бұл су, аға берет көз жас жиылған. «Алладан сұраған әрбір дұға жер қойнауына кетіп жатса, бір ұрпағым кеп дәм татар, содан барып тарқар»- деген үмітпен болған. Бекер шықты дейсің бе бұл су. Қысылып кеткенде кеудем, аңырап кеп жылап, «Райымбек!» деп - өз атымды айтқанда, атылып шыққан жастан құралған, осыны ұрпағым біле білсін, балам. Алладан тығылмайсың, шырақтарым. Әулиенің жолын қуалап, әулие болмайсың, әулиенің жолын ғана қабыл ете  аласың. Осыны біліңдер – аманатым. Ұрпақтарым, разымысыңдар.

   Бабам сілкіді демеңдер, алақандарыңды жайыңдар. Бұл – ғайыппен тірі мен өлі қатар тұрғанда, көктен келген асыл хабарға Алламның өзі куә, бақтарың ашылсын, қарақтарым. Жолдарың болсын, ұрпақтарың түзелсін. Дұшпандарың тізе бүксін. Берекелерің қонсын. Тірліктерің оңғарылып, алдарыңда мыңғырған мың малдарың айдалсын. Аллам, құдіретті Тәңірім, өзі куә, дұғамыз қабыл болсын. Әумн!  

 

    КӨКПЕК САХАБАНЫҢ ШЫҒАР ЖОЛДА ЖЕТКІЗГЕН АЯНЫ

-  Райымбек пен Киелі жұрттың маңайында жеткен осы күнгі аянға разымысың, балам. Ал енді қазір сахабалардың Аллаға тағзым етіп тілек тілеген топырағының үстінде тұрсыңдар. Жай көзбен қарасаң күн түскен, топырағына өнген жусанын шаң басқан, көзге жұпыны көрінгенмен бұл жер сахабалардың шынайы Тәңірімнен сұрап алып, жайғасқан әулиелер жері. Сендер сол жерді басып тұрсыңдар.  Мына кең даланың Алланың атымен рухталған таза қасиетті дұғалары әлі де адам баласына демеуі көп. Бүгін сендердің жолдарың болған бүгін. Жақсылыққа жетіп, басты көкке апарып, рухтарда тазаланып, олармен өз араларыңды қосып, Тәңірінің алдында дұға оқыдыңдар. Ол жол  қайталанбас сауаптың мәңгілік ең күшті жолы. Жас баладай айтқанды орындап, Алланың бар екенін мойындап, құлшылықты жасап, арқаңды кең салып, «иә, Аллам!»-  деп, балпанақ баладай боп, біріңмен-бірің рахаттанып сөйлесіп, шексіз қуаныштарыңды жеткізе алмай келе жатсыңдар. Алламның дәнекері, Алламның азғантай ғана берген сендерге  шынайы істеген жақсылығыңа жасар ризашылығы әлі де ұзаққа жалғасатынын біліп қайтыңдар. Рухтардың жеткізетіні көп, қасиетті топырақ, жерің мен көгіңе байқап қара, оң жағың мен сол жағыңды тапсырып жүр Аллаға деп айтатын мұра бар сендерге, балам. Әр кезде берілетін аян дүниенің еш теңдесі жоқ. Сен білмейтін де есеп бар Алланың алдына жетер. Өмірден қайтқанда мына жерден кішкентай, бойыңдай ғана топырақ саған бұйырар. Еңкейіп құдайға жығылсаң ол сенің сәждең ғана, соны ойла. Өте сабырлы бол, балам. Артық кетпеңдер, дыбыспен де, жүріспен де, көзқараспен де, ықпалмен де, арақатынаспен де. Өзіңнің сиқың қандай болса, тірлігің сондай болады. Барпылдап сөйлеп, ақырып, тау асам деп ойлама. Түлкіленіп, жасырынып, дүниені төңкерем деп ойлама. Біреуді алдап барам деп, ұшпаққа шығам деп ойлама. Бала мінезді жаннан үлгі ал. Алла деп жыла, ол бала мінез Алланың жақсылығы екенін мойында.

    Босатыңдар бойларыңдағы бүкіл ұстап тұрған қасіретті. Қырсықтық - ең қасіретті бақытсыздықтың жолы. «Алла!»- деп сұрап тұрғын. «Тоқтат мені мына мінезден, иә, Аллам, қырсықтықтан  бас тартайын, басымды иіп саған ғана қайтайын»- деп дұға қылыңдар. Жекіп сөйлеп біріңді-бірің баспаңдар Рухтарыңды жоғалтпаңдар. Ұрпаққа керек дәнекерді көмбеңдер. Алла деп сөйлеп терең сабырлық жасаңдар. Дауысыңда ұяңдық болсын, шал болсаң да, кемпір болсаң да, жас болсаң да, бала болсаң да. Рухтың тыңдары біреу, ол самал сияқты лебіп тұрған, бала сияқты елпілдеп тұрғандардан құралған. Алланың әмірі оң жақ, сол жақтан қабыл болып жатқан ғой. Киелі жұртым беріп жатқан осы аяныма нық болсаң әлі де басасың көкке, балам. Бабалар сағынып күтіп, әрқайсысымыз берген уақытымызды қабыл алып, шынайы құдайға рахмет айтып, төгіліп жатқан асыл сөзімізді жеткізіп отырғанымызға Алланың атымен ризашылығымызды білдіріп отырмыз. Адаспаңдар, табылыңдар табылатын жерден. Бет бұрыңдар жақсылыққа. Қарама-қарсы жеткен қайшылықтан аулақ өтіңдер. Тірлігіңде көп сөйлеме, бар дүниені ішкі дүниеңмен сез. Денеңе рұқсат бер, тазалансын. Алланы тапсын. Ол үшін Алланы мадақтап көп зікір салғын.

   Мазалама миыңды, бекер қойма сұрақты. Сенің сұрағыңа жауап дайын, құранға атап Аллам жазған. Мен білем деп саған бекер айтқан ба, соны құнттап біліп алғын, балам. Күйбелеңдеп бекер кетпе, шошаңдатып сөйлеме, тапқанның берекесін тіле, барыңды мықтап ұста, жоқты аңырап күтпе. Имансыздың жанында болма. Арқалап бөлісерсің қасіретін - оны ақтай алмайсың. Тұйыққа түсіп кетіп, қайта шығып ақтама, үлгере алмай қаласың. Игілігіңе жұмса жақсылығыңды, берген садағаң оның басы, балам.  Алла деп сөйлесең қолыңда болмаса да жұрнағың мінезіңде қалсын, еңкейіп, жымиып қарасаң да, Алланың нұры жаусын. Асығыс сөкпе адамды, сөгіліп қаларсың, керек жерден табылар жақсының да бір тауы бар, оған жеткен бақ емес пе, адамның күні адаммен. Алла соны жалғастырған емес пе. Біріңе бірің себеп, ақ пен қара құдіреті Тәңірімнен, жан дүниеңді сақта, ағаттық жасасаң тез райыңнан қайт. Қайта алмай жатсаң құла, одан да ұқпасаң, өзіңді өзің теже, тіпті болмаса сүйен - Құдайдан тілеп қан шығар. Жақсылықтың кілті жоғарыда. Беріп қойған баяғыда саған. Өзіңнен басқа ешкім барып ашпаған. Тұңғиық Алланың сәлемдемесі осы, разымысың, балам. Келген кезде менен алған және үйіңе жеткенде берер сахабалық аяныма мән бере қарарсың (Ол аяндар бөлек. Б.А.).  Жортқанда жолдарың болсын, құлындарым. Өсиет жоғарыдан. Осы өсиетпен сахабаларың өсіп, жанған. Қабыл болсын жарқындарым. Жортып жетсең жол бойы жетер сахабаның тіктен тік жауабы әр баба атын асықпай жеткізеді, балам. Әлі де хабардар болып отырарсыңдар, балаларым. Жолдарың болсын, Аянның қақпасын ашып, жабыңдар.

0 пікір